Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өкілдік инвестиция тартады - АРҚА АЖАРЫ

Өкілдік инвестиция тартады

Облыс әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбековтың төрағалығымен өткен отырыста «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілділігінің тұсаукесері болды.

  Мемлекеттік органдар, даму институттары, ірі кәсіпорындар, банктер мен қоғамдық бірлестіктердің басшылары қатысқан облыс әкімдігі жанындағы инвесторларды тарту және инвестициялық жағдайды жақсарту жөніндегі кеңестің бұл мәжілісінде аталған өкілдіктің құрылуымен инвестиция тартуға баса назар аударылып отырғандығы айтылды. Бұдан соң өңірге жұмыс сапарымен келген  акционерлік қоғам басқармасы төрағасының орынбасары Біржан Кәнешев сөз сөйлеп, инвестиция тартумен, қолдаумен және дамытумен айналысатын Ұлттық компания Елбасының тапсырмасымен осыдан үш ай бұрын құрылғандығы туралы хабардар етті.
– Компания шетелдің қатысуымен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігін және жағдайын талқылау кезінде Үкіметтің мүддесін қорғайтын бірыңғай келісуші, сондай-ақ, «Бір терезе» тәртібі бойынша идеядан жүзеге асыруға дейін инвестициялық жобаларды қолдайтын ұлттық оператор және инвестициялық форумның бірыңғай үйлестірушісі болып табылады, – деді Біржан Кәнешев.
Отырыс барысында облыс әкімінің ұсынысымен  тағайындалған өңірлік филиал директоры Темірхан Әбілезов және өңірлік филиал директорының орынбасары Әсел Мамитова таныстырылды.  Бұдан кейін «KAZAKH  INVEST» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің және өңірлік өкілдерінің аумақтық мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істеу сұлбасының тұсаукесері өткізіліп, облыс аумағында инвестицияны қолдаудың жүйесі жөнінде түсінік берілді. Өкілдік инвестициялық жобаларды пайдалануға берілгенге дейін қолдау көрсетіп, мониторинг жасайды. Өңірлік инвестиция картасын құрады. Жұмыс істейтін инвесторлардың өзекті мәселелерін шешеді.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов инвестиция тарту барысындағы бүгінгі жағдай туралы хабарлама жасады. Оның айтуынша, биылғы жылдың бес айында облыс бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 64 миллиард теңгені құраған. Өңірде 100 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланды. Жобалар іске қосылғанда 2664 тұрақты жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, облыста шетелдік инвестиция-
ны тарту жұмыстары жүргізілуде. 2014 жылдан бері 11 жоба пайдалануға берілді. Солардың бірі – өткен жылы пайдалануға берілген «Август-Нан» серіктестігінің тұз бен гербицидтер өндіретін қазақстандық-ресейлік жобасы. Тоғыз жобаны жүзеге асыру жалғасуда. «Масальский ГОК» серіктестігінің  тау-кен металлургиялық кешенінің құрылысы» Қазақстан-Қытай біріккен жобасын Қытайдың EХIM банкі қаржыландыратын болды. Кеңес отырысында облыстың тартымды инвестициялық жағдайын құру жөнінде әртүрлі ұсыныстар айтылды.  Отырыс жұмысын қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары қолданыстағы заңнама аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін талап етілетін ақпарат жинауда, уақытылы келісім мен рұқсат алуда «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясына ықпал етуді қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік органдарға тапсырма берді.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар