Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өнер тұнған өлке сыйы - АРҚА АЖАРЫ

Өнер тұнған өлке сыйы

Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің қатысуымен Астанадағы Ақмола облысының мәдениет күндері аясында амфитеатрда өткен облыс өнер шеберлерінің «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» гала-концерті көрмеге тамаша тарту болды.

  Шара басталмас бұрын облыс әкімі бастаған делегация көрмені аралап көрді. Делегация құрамында облыс әкімінің арнайы шақыртуымен келген 100-ге жуық ақмолалық ардагерлер болды. Қараса көз тоймайтын көрмеде еліміздің ұлттық павильоны таңдай қақтырды.  Ол екі аумаққа бөлінген. Алғашқысы Қазақстанмен танысу. Ал, екіншісінде «Жасампаз қуат» тақырыбы қамтылған. Сегіз қабатты сфера пішіндес ғимараттың жеті қабатында ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кенетикалық энергия үлгілері көрсетілсе, сегізінші қабатында «Астана – болашақтың қаласы 2050» экспозициясы ұсынылған.
Сонымен қатар, Ресей, Вьетнам, Түркия, Сингапур, Оңтүстік Корея елдерінің павильондары да ақмолалықтарды қатты қызықтырды. Әсіресе, ресейліктердің павильонынан «арктиканың суық лебі» сезіліп тұрды. Дәстүрлі қызыл таспаға арнайы ерітінді құйғанда, ол көзді ашып-жұмғанша мұз болып қатып қалады.     
– Бүгін ЭКСПО көрмесіне келудің сәті түсті. Көрме керемет. Қазақстанның павильонында болдық. Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Жапония павильондарында бізді жақсы қарсы алды. Астанада мынадай тамаша, дүниежүзілік шара өтіп жатқанына қуаныштымын, – деп өзінің ойымен бөлісті зейнеткер Айдос Әбутәліпов.
Бұдан кейін көрме қонақтары үшін амфитеатрда Ақмола облысының мәдениет күндері аясында ұйымдастырылған облысымыздағы шығармашылық ұжымдардың  гала-концерті ел назарына ұсынылды. Шараға облыс əкімі Мəлік Мырзалин,  «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы  Ахметжан Есімов жəне Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты.
Гала-концертте халық аспаптары оркестрі И.Штраустың  «Радецкий маршы», саксофонис-тер квартеті А.Пьяццолланың  «Либертанто» композициясын орындаса, бірлескен шығармашылық ұжымдар «Халықтар достығы» хореографиялық биін биледі. Сонымен қатар, отандық композиторлар Ахмет Жұбанов, Еркеғали Рахмадиев, Евгений Брусиловский, Кенжебек Күмісбековтың Сарыарқа, Көкшетау жерлері туралы жазылған әсем әндерін орындады. Әсіресе, атақты ақын-жыраулардың әндерін құлақтың құрышын қандырып орындаған К.Күмісбеков атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің, облыстық филармонияның, Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің хоры және Азат Абдығалым, Сәрсенбай Хасенов, Төлеген Аманов, Асқар Мұқият, Эльмира Төлеубаева және Айзат Қарабекованың шеберлігін айта кеткен жөн.
Оркестрді ұршықша үйірген дирижерлер Руслан Баймурзин мен Әділ Азбаевтың өнеріне көрермендер разы болды. Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова, халықаралық байқаулардың лауреаты Талғат Галеев, мәдениет саласының үздігі Валерия Болиева мен Махаббат Мұхамеджанова астаналық көрермендердің зор ықыласына бөленді. Концерттің көркі Астана қаласында өткен «Қазақстан раушаны» байқауының жеңімпазы «Гәкку» би ансамблі болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар