Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дертке шипа бал қымыз - АРҚА АЖАРЫ

Дертке шипа бал қымыз

Қымыз қазақтың ежелден пайдаланып келген сусыны. Қазақ үйіне келген қонаққа ең алдымен қымыз ұсынған. Осыған қарап, бұл жәй сусын емес, қазақ үшін үлкен ұлттық құндылық, атадан қалған сыйлы сусын екенін аңғарамыз.

 

Қымыз – жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі. Қазақ жылқы малын төрт түлік ішінде текті санап, ерекше құрмет тұтқан. Жануар судың тұнығын ішіп, шөптің асылын теріп жейтінін халық жақсы білген. Содан болар, – қымыз жүз дертке дауа шипалы болып саналады.
Арудан асқан жан бар ма,
Жылқыдан асқан мал бар ма?!
Биенің сүті сары бал,
Қымыздан асқан дәм бар ма?! –
дейді Ақтамберді жырау.
Қымыздай сусынның ауруға шипа екенін естіп өссек те, оның нақты нендей індеттерден сақтайтынын біле бермейміз. Бүгінгі медицина ғылымы растап отырған қымыздың шипасы туралы деректерді назарларыңызға ұсынып отырмыз.
– Тұрақты түрде қымыз ішкен адамның иммунитеті артады.
– Бие сүтіндегі жартылай қанықпаған май қышқылдары қан айналымын жақсартады.
– Бие сүтіндегі лактоферрин атты ақуыздан Ресей ғалымдары қатерлі ісікке қарсы дәрі жасауды қолға алды.
– Қымыз ішкен адамның қаны бұрынғы ішкен арақ пен сыраның зардаптарынан тазарады.
– Қымыздың майы атеросклероз ауруы-
на шипалы.
– Қымыздың құрамындағы қанықпаған май қышқылдары адам денесіндегі жасушаларды жақсартады.
– Қымыздағы кіші молекулалы пептидтер жасушалардағы нәруыз синтезін күшейтеді, ағзадан улы заттарды сыртқа айдап шығарады, ұрық безі гормондарының түзілуін дамытады.
– Тамақтың алдында немесе тамақпен бірге аз мөлшерде ішілген қымыз ас қорыту сөлдерінің бөлінуін айтарлықтай күшейтеді.
– Қымыз құрамында ағзаға жеңіл сіңетін ақуыздар, пептидтер, аминқышқылдары бар болғандықтан, сусынның бұл түрі сырқат адамның күш-қуатын тез қалпына келтіреді.
– Қымыздағы F дәрумені – линолен және линол қышқылдарынан простагландиндер мен басқа да маңызды эйкозаноидтар түзіліп, олар жасушалар деңгейінде барлық химиялық үдерістерді реттейді, тін жасушаларының жаңаруын жылдамдатады. Бұл өнімдерде В тобы, А, Е дәрумендері, әсіресе, С дәрумені өте көп. Олар қымызда түзілген антибиотиктермен бірге жасушалардың қанықпаған липидтері қышқылдандырғыштарының әсерін тежейді, адамның иммундық жүйесі мен денсаулығын нығайтып, күшейтеді.
– Қымыз ашығанда пайда болатын сүт қышқылы асқазан-ішек сөлін қоздырып, астың жақсы қорытылуына, ыдырау өнімдерінің сіңуіне жәрдемдеседі.
– Қымыз құрамындағы биологиялық белсенді ақуыздар, эйкозаноидтар, С дәрумені, микроэлементтер, сүт қышқылы өнімдері жасушалардағы химиялық реакциялар ағымын шапшаңдатуға, олардағы үдерістерді қалыпқа келтіруге зор әсер етеді. Бұл тіндердің жасушалық компоненттерін жаңартып, ағзаны жасартады.
– Бие сүтінде С дәруменінің мол болуынан, қымыз туберкулез ауруын емдеуде өте шипалы. Ол туберкулезбен ауыратындардың ағзасындағы дәрумендер алмасуының бұзылуын тоқтатады.
– Қымыз құрамында В, В2, В12 дәрумендері бар болғандықтан, ол жүйке ауруларына да шипалы.
– Қымыз ішкенде адам тәбеті ашылады. Оған қымыз құрамындағы сүт қышқылы әсер етеді.
– Қазіргі медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі-дәрмектермен бірге, өкпе туберкулезінен, бүйрек, сүйек ауруларынан, ішек-қарын, жүрек, қантамырлары кеселдерінен емдегенде, дәрумендер жетіспегенде қолдануда.
–Қымыздың әсері адамның бүкіл ағзасына игі әсер етіп, ондағы физиологиялық, биохимиялық үдерістерді күшейтеді, зат алмасуды қалпына келтіреді.
– Қымызда адам ағзасына қажетті барлық элемент бар.
– Адам тамағында В1 дәрумені болмаса, адамның қозғалғыш және сергек сезім жүйкелері зақымданады, сал болып қалады. В12 дәрумені жоқ болса, жілік майында қан құрау процесі бұзылады, қан аздық пайда болады. Бұдан да қымыз ішіп сақтана аласыз.

Интернет материалдары бойынша дайындаған Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар