Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жас мамандарға жағдай жасалады - АРҚА АЖАРЫ

Жас мамандарға жағдай жасалады

Отанымыздың астанасындағы жоғары оқу орындарында білім алған жерлес студенттерге өзіміздің облыстың аумағында жұмыс істеулері үшін барлық жағдай тудырылады. «Жас келсе іске» дегендей, түлектер де туған жерін түлетуге дайын.

Кеше түлектердің диплом алу рәсіміне арнайы қатысқан облыс әкімі Мәлік Мырзалин осындай пікір білдірді. Биыл Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін әртүрлі мамандықтар бойынша 278 ақмолалық жастар бітіріп шықса, олардың14-і үздік диплом иегері.
Астанадағы абыройы асқақ университет пен облыстық әкімдік арасында әріптестік  туралы меморандумға қол қойылған. Осы меморандум негізінде әр жыл сайын 10 студентке әкімдік есебінен грант бөлінеді. Бұл көмек болашақта білікті маман атанып, облыстың сан алуан саласында адал қызмет ететін мамандарға арнайы жасалып отыр.
–Егер бізге келіп жұмыс істейміз деген ниет білдірсеңіздер, әрдайым құшақ жая қарсы аламыз, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларыңызды жасау үшін қолымыздан келген көмегімізді аямаймыз. Мұндай көмек жерлестерімізге ғана емес, диплом алып жатқан барлық жастарға көрсетілетін болады,–деді өңір басшысы.
Бірқатар студенттерге өңір басшысы дипломдарын өз қолымен табыс етті. Олардың әрқайсысымен жеке-жеке тілдесіп, туған өлкелерінде қызмет істеуге шақырды. Тіпті, мүмкіндігі шектеулі студентке де арнайы жолығып, бүгінгі қуанышына ізгі тілегін білдірді.
–Жалпы жұмыс берушілер біздің түлектерімізге қызығады. Тіпті, кезекке де тұрады. Сондықтан, жастардың жұмысқа орналасу мәселесінде ешқандай қиындық жоқ,–дейді Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов.
Сөз арасында қолдарына диплом жаңа тиіп жатқан жастардың басым бөлігі жұмыс орындарын тауып та қойғандығын айта кеткен жөн.
–Ақпараттық технологиялар саласында қызмет еткім келеді,–дейді Әйгерім Мирсан,–мен осы алған білімім бойынша өндірістік тәжірибеден өттім. Сол кезде менің біліктілігім жақсы деген пікір айтылды. Енді университет қабырғасында алған білімімді балғын тәжірибемізбен ұштастыра отырып, туған елімізге қалтқысыз қызмет етеміз.
Әр жыл сайын грант бөлудің көздеген нысанасы да осы. Білімді де білікті жастарды өңірдің, өңірдің ғана емес, еңселі еліміздің абыройын асқақтатар дәрежеге жетулері үшін сапалы біліммен қамтамасыз ету.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
журналист.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар