Атақты теннисшінің өзі келді

Облыс орталығында теннис орталығы ашылғаннан бері жыл санап жас теннисшілер саны артып келеді. Қазіргі таңда Көкшетау қаласындағы орталықта 220 балғын спортшы жаттығуда.

  Таяуда теннистен ұлттық құраманың мүшесі Галина Воскобоева арнайы келіп, шеберлік сабақтарында өз тәжірибесімен бөлісті.
Облыстық теннис федерациясының директоры Марат Тәтембаевтың айтуынша, бұл спорт бұқаралық сипат алып келеді.  Аталмыш шеберлік сабақтары балаларды шабыттандырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттырады және жаңа жеңістерге құлшындырып, белестерге жетелейді. Ал, Галина Воскобоеваның сөзіне зер салсақ, теннистің дамуына Қазақстанда зор көңіл бөлінген. Заманауи жабдықталған орталықтың өзі жас өрендердің алаңсыз жаттығуына жайлы.     
Сабақ барысында айтулы спортшы жас теннисшілердің ата-аналарымен де сөйлесіп, пікірлесті. Солардың бірі – Арман Досанова. Оның айтуынша Сәлия есімді қызын осы орталыққа әкеліп жүргеніне бір жыл. Тәжірибелі тренер Ульяна Горлочеваның ыждаһатты еңбегінің арқасында бірнеше рет спорттық додаларға да қатысып, жақсы нәтижелерге де қол жеткізген. Арман өз кезегінде баланы спортқа баулып тәрбиелеп жүрген жаттықтырушыларға, сонымен қатар, айтулы спортшы Галина Воскобоеваға алғысын жеткізді.   

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар