Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!

2017 жылдың 15 және 16 шілдесінде «Қазақстан» спорт кешенінің алаңында Ақмола облысы аграршыларының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.
Ақмолалықтар бұл жәрмеңкеге жалпы құны 337,8 миллион теңгенің 430,5 тонна өнімін апаруды көздеп отыр.  Облыстың 50 таңдаулы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 35-тен астам өнім түрін нарық бағасынан 10-20 пайыз төмен бағамен ұсынады.
Жылқы еті – 1500 теңге, сиыр еті  – 1200 теңге, шұжық өнімдері – 900 теңге, жұмыртқа – 18 теңге, сүт 190 теңге, өсімдік майы – 340 теңге, ұн – 100 теңге, бал – 1200 теңгеден сатылмақшы.
Бұған қоса, Ақмола облысы шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар