Озып шығып, озат атанды

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында «Мамандығы бойынша үздік» облыстық байқауын өткізді.

Тілсіз жаумен күресу басты міндеттері болып табылатын мамандық иелері арасында өткен тартыс-ты да қызықты байқауға өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметі бойынша 18 бөлімше қызметкерлері қатысты. Жеңіске үміткер командалар қос құтқару ілгегін тоқып, оның бірін құтқарылушыға кигізу, шабуыл сатысы арқылы оқу мұнарасының 4-ші қабатына көтерілу секілді нормативтер бойынша өздерінің шеберліктері мен дағдыларын ортаға салып, теориялық және тәжірибелік білімдерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша азаматтық қорғау аға лейтенанты Б.Құлымбасов «Үздік қарауыл бастығы», азаматтық қорғау аға сержанттары С.Қожахметов пен К.Баязитов «Үздік бөлімше командирі» және «Үздік газ-түтіннен қорғаушы», азаматтық қорғау сержанты С.Әбжанов «Үздік өрт сөндіруші», азаматтық қорғау кіші сержанты А.Высочина «Үздік радиотелефоншы», азаматтық қорғау пропорщигі Б.Жақиянов «Үздік газ-түтіннен қорғау шебері», старшина З.Өтегенов «Үздік өрт сөндіру қызметі орталығының, құтқару қызметінің жедел басқару орталығының диспетчері» аталымдарына ие болды. Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар ұйымдастыру алқасының грамоталарымен марапатталды.
Облыстық төтенше жағдайлар
департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар