Ең биік, ең терең…

— Мұхиттан ең қашық жатқан аймақ – Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр аймағы.
— Ең ұзын өзен Мысырдағы Ніл өзені, оның ұзындығы – 6650 шақырым.
— Құрылықтардан ең қашықта жатқан арал – Буве аралы. Ол Антарктидада орналасқан және Норвегия мемлекетіне тиесілі.
— Теңіз деңгейінен ең биіктегі көл Титикака көлі. Ол Перу мен Боливияның арасында орналасқан және 3812 метр биіктікте тұр.
— Ең биік жол  Чилидегі  Ауканкильча кен жолы, ол жерден  6 шақырым биіктен өтеді.
— Ең биік тау жолы Үндістанда, ол теңіз деңгейінен 5582 метр биіктікте.
— Адамдар өмір кешіп жатқан ең суық  елді мекен Ресейдің Оймякон селосы. Бес жүзге жуық адам тұратын елді мекенде қыста орташа температура 45 градусты құрайды.
— Ең терең кен алатын шахта Оңтүстік Африкадағы Тау-Тона шахтасы. Оның тереңдігі 4 шақырым.
— Ең терең ұңғыма Ресейдің Мурманск облысындағы Колск ұңғымасы. Оның тереңдігі 12 шақырымға жетеді.
— Жер бетіндегі ең суық жер Антарктидадағы Восток станциясы. Онда орташа ауа температурасы  89,20 градус суықты көрсетеді.
— Ең терең үңгір Абхазиядағы Крубера үңгірі, тереңдігі 2 шақырым.
— Ең құрғақ жер Чилидегі Атакама шөлі, онда жыл бойы бір тамшы жаңбыр жаумайды.
— Ең терең шұңқыр Тынық мұхитындағы Мариан шұңқыры. Оның тереңдігі 11 шақырымнан асады.
— Ең биік тау Үндістандағы Эверест, биіктігі 8848 метр.
— Ең терең көл – Шығыс Сібірдегі Байкал көлі, оның тереңдігі жеті шақырымға жетеді.

Интернет материалдары бойынша дайындаған Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар