Ең биік, ең терең…

– Мұхиттан ең қашық жатқан аймақ – Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр аймағы.
– Ең ұзын өзен Мысырдағы Ніл өзені, оның ұзындығы – 6650 шақырым.
– Құрылықтардан ең қашықта жатқан арал – Буве аралы. Ол Антарктидада орналасқан және Норвегия мемлекетіне тиесілі.
– Теңіз деңгейінен ең биіктегі көл Титикака көлі. Ол Перу мен Боливияның арасында орналасқан және 3812 метр биіктікте тұр.
– Ең биік жол  Чилидегі  Ауканкильча кен жолы, ол жерден  6 шақырым биіктен өтеді.
– Ең биік тау жолы Үндістанда, ол теңіз деңгейінен 5582 метр биіктікте.
– Адамдар өмір кешіп жатқан ең суық  елді мекен Ресейдің Оймякон селосы. Бес жүзге жуық адам тұратын елді мекенде қыста орташа температура 45 градусты құрайды.
– Ең терең кен алатын шахта Оңтүстік Африкадағы Тау-Тона шахтасы. Оның тереңдігі 4 шақырым.
– Ең терең ұңғыма Ресейдің Мурманск облысындағы Колск ұңғымасы. Оның тереңдігі 12 шақырымға жетеді.
– Жер бетіндегі ең суық жер Антарктидадағы Восток станциясы. Онда орташа ауа температурасы  89,20 градус суықты көрсетеді.
– Ең терең үңгір Абхазиядағы Крубера үңгірі, тереңдігі 2 шақырым.
– Ең құрғақ жер Чилидегі Атакама шөлі, онда жыл бойы бір тамшы жаңбыр жаумайды.
– Ең терең шұңқыр Тынық мұхитындағы Мариан шұңқыры. Оның тереңдігі 11 шақырымнан асады.
– Ең биік тау Үндістандағы Эверест, биіктігі 8848 метр.
– Ең терең көл – Шығыс Сібірдегі Байкал көлі, оның тереңдігі жеті шақырымға жетеді.

Интернет материалдары бойынша дайындаған Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар