Табиғатқа тағылық

Туған табиғатымызға қамқор болу қанша айтылып келе жатқанымен, оған  нұсқан келтіретіндер әлі жетерлік.

Таяуда жауапкершілігі шектеулі «Биборд» серіктестігіне тиесілі КамАЗ автомашинасымен қала маңындағы орман ішінде көң-қоқыс төгіп жатқан жүргізуші П.Костылев ұсталды. Бұрын да бірнеше мәрте осы жерге көң-қоқыс төгілген болатын. Орманшылар тәртіп бұзушыны ұстай алмай жүрген. Осы жолы жалпы көлемі 1800 шаршы метр болатын көң-қоқыс төгілгені анықталды. Жүргізушіден түсініктеме алынды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысы шақыртылды.
Табиғат қорғау полициясының қызметкерлері заң бұзу оқиғасына орай хаттама толтырды. Әрине, белгіленген тәртіп бойынша шара қолданылатындығы ақиқат. Бірақ, өзгеге мысал болу үшін осы бір шетін оқиға жайлы табиғатқа жанымыз ашығандықтан болған іске күйзеле отырып, жалпы қауымды құлағдар етуді мақсат тұттық. Алдағы уақытта өрескелдік өріс жаймауы үшін.

«Арқа ажарының» өз ақпараты. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар