Халықпен пікірлесті

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыс тобы Есіл ауданында болды.

  Құрамына аталмыш министрліктің бас сарапшысы Асқар Ниязов, облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мен облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші- қон департаментінің өкілдері кірген жұмыс тобы Есіл қаласының және Свободное, Қаракөл ауылдарының тұрғындарымен кездесті. «Өрлеу» жобасына қатысқан көп балалы отбасыларында болды. Аудан тұрғындарымен өткізілген кездесуде Есіл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Владимир Галныкин сөз сөйлеп, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енетін мекенжайлық әлеуметтік көмектің жаңа түрі жөнінде айтып берді. Бұдан кейін бас сарапшы биылғы және алдағы жылдары «Өрлеу» жобасы қалай жүзеге асырылатыны туралы түсіндірді. Облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің бас маманы Ләззат Сұртаева 2018 жылғы зейнетақы реформасы талаптары туралы толық ақпарат беріп, көпшілікке жаңа жүйенің қыр-сырын кеңінен қамтып ұғындырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар