Әр елді мекен мәдениет ошағымен мәнді болар еді

Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың қатысуымен мәдениет саласының  кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті.    

  Мәжілісте Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Рухани қазына» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Жиында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары ел мен ұлттың болашағы үшін бағытталған  аса құнды мақаланың мән-маңызына тоқталып,  «Үздік клуб» облыстық  байқауында бас жүлдені жеңіп алған Есіл ауданындағы «Заречное» селолық клубы мен басқа да мәдениет қызметкерлерін дипломдармен марапаттады.
 Аталмыш жиынды облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева ашып, жүргізіп отырды.  Қазіргі таңда мәдениет саласына зор көңіл бөлініп келеді. Бұл орайда,  жекеменшік кәсіпорындардың да қаржылай көмегінің арқасында ауылдағы мәдениет ошақтары қалпына келтіріліп жатқандығын баса айтқанды жөн санадық.  Мәселен, Целиноград ауданындағы «Родина» серіктестігі  2 миллион 400 мың теңге қаражат бөліп, Родина ауылындағы мәдениет ошағына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы аудандағы Марат Қамзебаев басқаратын «Астық» ЖШС Воздвиженка селосындағы мәдениет үйіне 17 миллион 50 мың теңге көлемінде қаражат бөлген. Есіл ауданында да шаруашылық басшысы Уәлихан Әріповтың қолдауымен соңғы бес жылдың ішінде селолық мәдениет үйінің қажеттілігіне, жалпы, 57 миллион теңге көлемінде қаражат бөлініп,  мәдениет ошағының материалдық-техникалық базасы нығая түскен. Мұндай мысалдар аз емес. Қазіргі таңда облысымызда 659 мәдениет мекемесі, соның ішінде 268 клуб, 11 музей, 2 облыстық театр,  филармония, 4 кинотеатр, 375 кітапхана бар. Аталмыш мәдени ошақтарында 3 мыңнан аса мәдениет қызметкерлері еңбек етеді. Ағымдағы жылы 35 инновациялық жоба жүзеге асырылуда.
Мәжілісте сөз сөйлеген Сәуле Бөкейханқызы өңірдегі мәдениет мекемелерінің жұмыстарына жан-жақты тоқталып,  жыл бойы атқарған іс-шараларды, жалпы сала бойынша қордаланып қалған өзекті мәселелерді, жетістіктерді жіктеп айтып берді. Сонымен қатар, жиында М.Ғабдуллин  атындағы музейдің директоры Құдайберлі Мырзабек, Үкілі Ыбырай атындағы облыстық
филармония директорының орынбасары Людмила Богапова және тағы басқалары сөз сөйледі.
Отырыс соңында Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында алға қойылған мақсаттар тағы бір пысықталып, өнерді дамыту, өнерпаздарды қолдау, тұрғындарды мәдениет саласындағы нысандардың материалдық-техникалық базасын нығайту, басқа да мән-маңызы жоғары мәдениет саласындағы өзекті мәселелері әңгіме өзегіне айналып,  басым бағыттар сараланды.                 
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар