Көкшетау қалалық әкімдігі ғимаратының жанында тұрған ұлы этнограф-ғалым Шоқан Уәлихановтың ескерткішінің айналасына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстарын Көкшетау қалалық «Көкше жәрдем» коммуналдық кәсіпорны жүргізуде. Ескерткіштің айналасына төселген бедертас пен жол жиегіндегі тақтайшалар жаңартылып, жиектастар жымдастырылып, кәріз қақпағы ауыстырылды.
Сонымен қатар, ескерткіш аумағындағы жол жиегіндегі тас толығымен жаңартылатын болады. Абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасуда. Жөндеу жұмыстары тамыз айының алғашқы күндері аяқталады деп жоспарлануда.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.