Таңқурай

Таңқурайды (малина) адамдар тәтті дәмі мен хош иісі үшін жақсы көреді және жаңа жиналған жеміс кезінде де, қайнатып тосап  ретінде де ықыласпен тұтынады. Таңқурайдың құрамында қант, эфир майлары, аскорбин қышқылы, глюкоза, ақуыз, пектиндер, С, В, РР, Д,Е,К және А дәрумендері бар және калий, фосфор, кальций, иод, цинк, хром, кобальт сияқты химиялық элементтерге бай.

 

Оны құрамында қанттың көптігіне қарамастан, диеталық тағамға жатқызады.
Бір стақан жидекте 64 калория бар екен. Сүйегінің құрамында шамамен  22  пайыздай май болады. Осыған орай, таңқурайдың жидегі мен жапырағын косметикада кеңінен қолданады. Таңқурайдан  жасалған тосап өте дәмді. Оны кәмпит, мармелад, джем өндірісінде де кеңінен пайдаланады. Сондықтан, ол кондитерлік өндірісте таптырмас шикізат саналады.
Таңқурайдың денсаулыққа пайдасы зор. Ең алдымен, оның жидегі мен гүлі, жапырағы түрлі дерттер үшін ем ретінде пайдаланылады. Құрамындағы химиялық заттар қатерлі ісік, жүрек қан тамыр, асқазан, тұмау ауруларына таптырмас ем болып табылады. Таңқурай шырыны тыныс алу жолдарын ашса, суын іш өтуге, қан қысымын түсіруге пайдаланады. Ол холестерин деңгейін түсіріп, майдың қорытылуын жеңілдетеді. Артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таңқурайдың пайдасы зор. Таңқурайды қайнатқанда да, тоңазытқанда да пайдалы қасиеттерін жоймайды. Қайнатпасы дене қызуын түсіріп, несеп жүргізуге, бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне ем.
Жемісін табиғи қалпында немесе кептірілген күйде қайнатып сусын жасап ішсе қыста тұмауға жақсы ем болады. Ғалымдардың пікірінше, бір-де-бір антиоксидант дәл таңқурай сияқты обыр жасушаларына қарсы тұра алмайды. Осыған орай, ол обыр дертіне қарсы тамаша шипалы дәрі болып саналады.
Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар