Экологиялық форумға шақыра келді

Бүгін Ақмола облысына арнайы келген Иркутск облысы губернаторының кеңесшісі Александр Тимченко өңір басшыларын Байкал экологиялық су форумына шақырды.

Форум үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Иркутскіде өткізіледі деп жоспарлануда. Осы шараның шеңберінде су көздерінің экологиялық проблемасын кешенді шешу тәжірибесімен алмасу көзделуде. Осыған орай, өзенді өңірлердің қауымдастығын құрып, меморандумға қол қойылмақ.
– Ақмола облысының өзендері эстетикалық және табиғи жағынан алып қарағанда өте тамаша. Жаңа ассоциациясының қызметі арқылы біз Еуразия кеңістігіндегі ірі көлдердің мәселелерін тереңірек зерттеп, шешімін табу жолдарын қарастырар едік, – деп атап өтті Александр Тимченко өңір басшыларымен кездесуі кезінде.
Ұйым жұмысының алғашқы кезеңінде оған 20 ел қатысады деп жоспарлануда. Швейцария және Финляндия ассоциация құрамына кіруге алдын ала келісім беріп отыр. Табиғатты қорғау және ғылыми-ағарту орталығы Иркутск болсын деген ұсыныс бар.  

«Арқа ажарының» өз ақпараты.   

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар