Курортты аймақты дамытуға ат салысады

Бурабай курортты аймағына «TNR» халықаралық консалтинг компаниясының атқарушы директоры Христоф де Брюн бастаған өкілдер келді.

Қазақстандықтардың арнайы шақыруымен келген компания өкілдері халықаралық сарапшылардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жасап бекіткен Бурабай курортты аймағын дамыту жобасына қатыспақ.
Бұл әлемнің жетпістен астам елінде курорттар салу және дамыту жобаларына қатысқан осы салада мол тәжірибесі бар танымал компания. Аталмыш компаниямен Үлкен Шабақты көлінің 233 гектар аумағы зерттеліп, жоғары деңгейдегі жыл бойы үздіксіз демалуға арналған туризмді дамыту жобасы жасалынбақ.
Халықаралық беделді компанияның өңірімізге келуі  туризмнің қарқынды дамуына игі ықпалын тигізеді деген сенім бар.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар