Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Регион-Стройдан» үміт мол - АРҚА АЖАРЫ

«Регион-Стройдан» үміт мол

«Арқа ажарының» өткен санында хабарлағанымыздай, облыс әкімі Мәлік Мырзалин осы аптаның басында Көкшетау қаласындағы он әлеуметтік және өндірістік нысанды аралап көріп, оған қоса, Бірлік шағын ауданында болып, ондағы шешімін тілейтін мәселелерге назар аударған еді.

Осыған орай, біз бүгін газетімізде осы жолы аймақ басшысы аралаған  басқа да кәсіпорындар мен мекемелер туралы төмендегі екінші мақаланы жариялап отырмыз.

Құрылыс материалдарын өндіру аймақ экономикасының басым бағыттарының бірі. Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған «Регион-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қазіргі таңда 150-дей адам жұмыс істейді. Бір кездері облыс орталығында тұрғын үй құрылысы комбинаты жұмыс істеген еді. Бұл істі бүгінгі күні «Регион- Строй» серіктестігі жалғастырып отыр. Қазіргі кезде мұнда шығарылып жатқан ірі қабырғалық материалдар тұрғын үй құрылысын жеделдетуге игі септігін тигізіп келеді.  Кәсіпорын шығарып жатқан панельдер үй құрылысында қолдануға өте тиімді. Артықшылығы, темір-бетон плиталар мен кірпіштен гөрі жеңіл. Өйткені, панельдің ортасы минералды мақтамен толтырылған. Бұл жылудың ұзақ уақыт сақталуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан құрылысшыларға құрастыруға да оңай көрінеді. Кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысқан өңір басшысы отандық өнімнің өріс алып келе жатқандығын баса айтып, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде салынатын тұрғын үй көлемін арттыруға мүмкіндік беретіндігіне ерекше назар аударды.
Бұдан соң облыс әкімі қаладағы №18 орта мектебінің 420 орындық қосымша ғимаратының құрылысы барысымен танысты. Құрылысшылармен кездесіп, мәселенің мән-жайына қанықты. Қажетті материалдар уақытылы жеткізіліп отырғандықтан, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бір атап өтерлігі,
қосымша мектеп құрылысы белгіленген мерзімнен бұрын аяқталмақшы. Мердігерлерге жұмыс барысын тездетіп, ғимарат ауласы мен маңайын көріктендіру жөнінде тапсырма жүктеді.
Сапар кезінде облыс әкімі №2 аудандық жылу қазандығы мен Застанционный елді мекенінің арасындағы жолды жөндеу жұмыстарымен де танысты. Жалпы, ұзындығы 940 метрді құрайтын жолға 60 миллион теңге қаражат жұмсалған. Одан бөлек, дәл осы елді мекенде ағымдағы жылдың
2 тоқсанында ұзындығы 1,5 шақырымды құрайтын жылу магистралін қайта құру  жұмыстары басталыпты.  Жөндеу жұмыстары да аяқталуға жақын.
Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Тәшенов көшесінің бойындағы 2,3 шақырым жолға да күрделі жөндеу жұмыстары жасалуда. Аталмыш жобаны жүзеге асыруға 650 миллион теңге қаражат бөлінген. Жұмыс қарқынды жүріп жатыр.
Кезінде «Революционер жауынгерлер паркі» аталған саябақ соңғы жылдары қараусыз қалған болатын. Қазіргі таңда аталған нысанды қалпына келтіру қолға алынып, жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жерге инженерлік желілер, су, жылу құбырлары толық тартылған. Алдағы күндері аталмыш саябақта спорттық алаң, этноауыл, аквапарк салу жос-парланып отыр. Қазақстан деген атау-мен биік мұнара орнатылып, онда еліміздің көк байрағы ілінетін болады. Өңір басшысы жауапты сала басшыларына саябақтағы өзге нысандардың құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстарын заманауи үлгіде халықтың демалуына барлық мүмкіндікті ойлас-тыра отырып жүргізуді тапсырды. Мұнда тұрғындардың отбасымен келіп демалып, көңіл көтеруі үшін қажетті қызмет пен инфрақұрылымның барлығы қарастырылады.  
                     «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар