Қыстың қамын жаз ойлаған ауылдағы ағайын шөп шыға шабындық іздейтін әдеті. Облыста шөп науқаны өрмек жүзінен ауды.
Алдыңғы жылғы құрғақшылық малсақ қауымға есте қаларлықтай сабақ болды. Биылғы мол жауған жаңбырға қарамастан, шабындықта жайқалып өскен шөп сұйық. Сол себепті, шаруалардың алдындағы тұрған негізгі міндет сол бар шөпті жауын-шашынға қалдырмай уақытында жиып алу. Соған орай қазіргідей жаздың ашық күндері шөпті молынан шабуға күш жұмылдыруда. Аудан шаруашылықтарының арасында Кенесары селолық округіне қарасты Баянбай ауылында орналасқан «Есіл-Агро» серіктестігі 3000 тонна шөп дайындауды жоспарлап отырса, осы күнге дейін оның 50 пайызы маяланған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бурабай ауданы.