Ауылда спорт ойындары өтті

Таяуда Новоселовка ауылдық округінде «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында «Ақ бидай – 2017» жазғы аудандық спорттық сайысы болып өтті. Ауқымды спорттық іс-шараға спорт ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және  жастар қатысты.

Аталмыш іс-шараның құрметті қонағы ретінде  балуан Сергей Цырульников арнайы шақырылып, өз өнерін ортаға салды, − деп хабарлайды  өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ашылу салтанатында аудан әкімі Гүлнұр Сәдуақасова сөз сөйлеп,  спартакиадаға қатысушыларға ақжарма тілегін жеткізді. Содан соң,  Қазақстанның рекордтар кітабына есімі енгізілген, «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасына Ақмола облысынан ұсынылатын үміткер Сергей Цырульников  ортаға шығып, өнерін көрсетті. Қазақстандық балуанның шынжыр сындыру, от үрлеу, шегелерді байлау сияқты жай адамның қолынан келе бермейтін таңғажайып өнеріне жиналғандар тәнті болды. Спартакиада барысында футбол, волейбол, баскетбол, шахмат, дойбы, отбасылық жарыс, қол күресі, гір көтеру, үстел теннисі, қазақша күрес және асық ату сияқты бұқаралық сипатқа ие спорт түрлері аса тартысты өтті.     
Спорттық жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал, келесі «Ақ бидай–2018» ойыны Андреевка ауылдық округінде өтеді деп жоспарлануда. Халықты спорттық жарыстарға тартып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында  ұйымдастырылатын осындай  игі іс-шаралардың көп болғаны жақсы.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Новоселовка ауылы,
Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар