Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бұл жолы – Атбасар өңірі - АРҚА АЖАРЫ

Бұл жолы – Атбасар өңірі

Жақында «Саламатты Қазақстан» пойызы Атбасар қаласына аялдап, жоғары білікті медицина мамандары халыққа қызмет көрсетті. 

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өз жұмысын 2017 жылдың 1 маусымынан бастап, 2017 жылғы 6 қарашаға дейінгі уақытта Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарындағы 97 станцияны қамтиды деп жоспарлануда. Сегіз вагоннан тұратын «Саламатты Қазақстан» пойызы шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына барып, уролог, гематолог, ортопед-травматолог, ревматолог, пульмонолог, педиатр, гастроэнтеролог, ангихирург, кардиолог, эндокринолог, офтальмолог, онколог мамандар медициналық көмек көрсетуде.
– Пойыздың келуі әрине, қарапайым тұрғындар үшін өте жақсы. Бұған дейін де осындай шаралар елімізде жүзеге асырылған болатын. Еліміздің көптеген өңірінде  дәрігерлер жетіспейді, – дейді Атбасар қаласының тұрғыны Ольга Ермолаева.
Ал, Мария Браус болса, көрші ауылдан офтальмолог маманға көзін көрсетуге келген. Зейнеткер жанарын емдеу туралы маманнан кеңес алған.
Сонымен қатар, жоғары білікті дәрігер мамандарға науқастар ғана емес, өз денсаулығына бейжай қарамайтын дені сау тұрғындар да жолығып ақыл-кеңес алуда.
Соның бірі – Жанар Жақсылықова қан тапсырып, айнаға түсіп өз денсаулығының қаншалықты сау екеніне көзін жеткізді.

Аслан НЫҒМЕТЖАНҰЛЫ.

Атбасар қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар