Балық та білгенге бағалы тағам

Ақмола өңірі өзен-көлдерге бай. Алайда, олардың көпшілігі таяз. Мұндай су айдындарында жазғы маусымда құрғақшылықтан, қысқы маусымда көлдің мұзы қалың боп қатуынан балықтың жаппай қырылу қауіпі туындайды. Сондықтан, табиғатты пайдаланушылар қыс және жаз айларында ұдайы  осындай келеңсіздіктерді болдырмау шараларын жүзеге асыруы тиіс. 

Жалпы, балықтың қырылуы – табиғи құбылыстардың бірі. Негізі балық қыс маусымында өзен-көлдердегі мұз қатпарларының қалың болуы салдарынан, оттегі жетіспеушілігінен қырылады. Торта, алабұға, шортан, табан, көксерке сияқты балық түрлері сезімтал келеді. Жаз маусымында судағы өсімдік қалдықтарының шіруінен оттегі тұтынылады да нәтижесінде  көмірқышқыл газы бөлінеді. Оған қоса, балдырлардың гүлденуінен су лайланып (жасыл-көк түске боялады), балықтардың желбезегі бітеліп қалады. Ал, бұл өз кезегінде желбезектің  сүзгіштік  қабілетінің азаюына әкеліп соқтырады. Әсіресе, жаздың ыстық шілде және тамыз айларында көлдегі судың температурасы көтерілуі салдарынан балықтарға оттегі жетіспей қырылуы мүмкін.
Сонымен қатар, су айдындарын су өсімдіктерінен тазалау  қажет. Бұл үшін арнайы су шалғылары пайдаланылады. Олардың көмегімен су өсімдіктері шабылады да кейін жиналып, жаратылуы тиіс. Биологиялық тазарту әдістері де пайдаланылады – су қоймаларына өсімдіктермен көректенетін ақ амур, ақ және шұбар дөңмаңдай сияқты балықтар жіберіледі. Бұл іс-шараның оң әсері болу үшін ең алдымен ихтиологиялық тексеріс жүргізіп және мамандардың ұсыныстарынан соң жұмыс жүргізуі тиіс.
Қазақстан Республикасы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану» туралы  Заңының 5 тармақшасы 2 тармағы  27-бабына сәйкес, пайдаланушылар қоршаған ортаның нашарлауына жол бермеуге міндетті. Балық ресурстарының сақталуы тек қана уәкілетті мемлекеттік органдардың, пайдаланушылардың міндеті ғана емес, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың және қоғамдық ұйымдар мен барлық облыс тұрғындарының міндеті болып табылады.
Су айдындарында балықтардың қырылу фактілері анықталған жағдайда, тез арада облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық
инспекциясына хабарласуларыңызды сұраймыз.
Инспекция мекен-жайы: Көкшетау қаласы, Громов көшесі, 21 үй. Телефон байланысы: 31-57-11.

Нығмет ҚАУАШЕВ,
облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы  басшысының
орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар