Айналаға зиян келтірмеуді ойлауда

Елімізде жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде республикалық «Парыз» байқауы өткізіліп келеді. Осы байқауға біздің өңірден де алдыңғы қатарлы кәсіпорындар қатысып, жүлделі орындардан көрінуде.  Соның ішінде уран өндірісімен айналысатын «Семізбай-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы «Экологияға үлес қосқаны үшін» аталымы бойынша екі рет қатарынан байқау жеңімпазы атанды. 

Содан бері жаппай халық болып «жасылдануға» үлкен мән беріп жатқан жайымыз бар. Осы орайда, мемлекеттік маңызы бар шаруаға қарапайым тұрғындар ғана емес, жергілікті кәсіпкерлер мен отандық өндіріс орындары да барынша үлес қосуда. Соның бірі «Семізбай-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дер едік. Осыдан тура 43 жыл бұрын ашылған кеніш бүгінгі таңда облыстағы іргелі кәсіпорындардың біріне айналып отыр. Осы күні көптеген елдерде өнеркәсіп саласында уран кенішінің тапшылығы салдарынан жер асты айыру әдісі қолданылып келеді. Бұл кен орны мен шахтаны қажет етпейтін нәтижелі әрі экологиялық жағынан таза өндіру әдісі болып табылады.
Аталған әдістің артықшылығы жер қойнауына залал келтірілмейтіндігінде болып отыр. Бұл әдіс «Семізбай-U» кенішінде де қолданылады. Жарты ғасыр бұрын ашылған кәсіпорын 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап игеріле бастаған. Соңғы екі-үш жылдың ішінде «Семізбай-U» кеніші толық қуатында шығып, жылына 500 тонна уран өндіруде. «Қазатомөнеркәсіп» акционерлік қоғамы мен қытайлық «СиноҚаз» компаниясы құрылтайшылары болып табылатын Семізбай кенішіндегі уранның қоры сарапшылардың қорытындысымен бекітілген. Бүгінгі таңда жұмыс №1 және №2 учаскелердің кеніштерінде жүргізілуде. Кәсіпорын директоры Мұхамеджан Салқынбаевтың айтуына қарағанда, 2016 жылдың алғашқы тоқсанында уран өндірісінің көрсеткіші былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103 пайызды құрады. Биылғы жылғы көрсеткіш те сол төңіректе болды. Өндірісі өрге басқан кәсіпорын басшылығы Елбасының алға қойған міндеттерін орындау мақсатында экологияға, қоршаған ортаға келетін залалды болдырмау мақсатында ілкімді істерді жүзеге асыруда. Кәсіпорын басшысының айтуынша, осы күні энергия қуатын үнемдеу бағдарламасы жасалып, өндіріске енгізіліп отыр.
Сонымен қатар, кеніштің өндірістік алаңында дизельдік отын мен электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік беретін жылу сорғышы жүйесін іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жоба ауаны ластамай, жұмысшыларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Жылу сорғыштары үй жылытуға жағылатын көмір, дизельдік отын немесе электр қуаты шығынының 70 пайызын үнемдейді. Сорғышқа 1 килоВат электр қуатын шығындап, 5 килоВат жылу энергиясы алынады. Кеніште  қуаты 30 килоВат фотоэлектр станциясы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 49,550 мың килоВат электр қуаты өндіріліп отыр.
Сонымен қатар,  серіктестік Еңбекшілдер ауданындағы әлеуметтік саланың дамуына да атсалысуда. Осы мақсатта ауданға  әлеуметтік көмек ретінде 238,5 миллион теңге қаржы бөлінген болатын. Бұл қомақты қаржыға өткен жылдары Степняк қаласындағы №1 орта мектеп жөнделді, спорттық-сауықтыру кешені қалпына келтірілді. Оқу-өндірістік комбинатындағы балалардың шығармашылық үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, маңы абаттандырылды. Мәдениет және демалыс паркі қалпына келтірілді. «Степняк Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына арнайы техника сатып әперілді. Аудандағы мектептерді электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесі қалпына келтірілді. Кәсіпорын биылғы жылы да бұл игі істерді одан әрі жалғастыруды мақсат тұтып отырған жайы бар. Айта берсе, кәсіпорынның бұдан басқа әлеуметтік тұрғыдағы игі істері жетерлік.  Мәселен, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде республикалық «Парыз» байқауына қатысқан «Семізбай-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2011 және 2016 жылдары «Экологияға үлес қосқаны үшін» аталымы бойынша үздік деп танылды. Мұның бәрі мемлекеттік-жекеменшік  әріптестік шеңберінде атқарылып жатқан игі шаруа.
Оған қоса, «Семізбай-U» серіктестігіне өңірдің әлеуметтік саласын қолдау келісім-шарты бойынша   бюджетке жылына 100 мың доллар көлемінде қаржы аудару міндеттеліп отыр. Бұл міндет уақытылы орындалуда.
– 2009-2012 жылдары бөлінген қаржы Ақмола облысының бюджетіне аударылды. Аталмыш қаржы Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарына тең бөлінуде. 584,6 миллион теңге мүлік салығы, 4,4 миллион теңге жер учаскесін пайдалану төлемі Еңбекшілдер ауданының бюджетіне аударылды,–дейді Мұхамеджан Салқынбаев.
Бүгінгі таңда кәсіпорында еңбек етіп жүрген үш жүзге тарта адамның барлығы жергілікті тұрғындар. Бұл да кәсіпорынның жүргізіп отырған оң саясатының бірі. Оған қоса, серіктестік әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға мекен-жайлық көмек көрсетуде. Мәселен, жыл сайын 9 мамыр мерекесіне орай, ауданда тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ақшалай сыйлық сыйлау дәстүрге айналған.

Еңбекшілдер ауданы.

Суретте: серіктестіктің әкімшілік ғимараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар