Қаржы нарығында жағдай тұрақты

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Ақмола филиалы директорының орынбасары Гүлнәр Омарова қаржы нарығындағы қазіргі жағдай және еліміздің бүгінгі қаржы-экономикалық саясаты жөнінде баяндап берді. 

Брифингте банк өкілі алдымен, облыстағы қаржы нарығының жағдайына тоқталды. Оның айтуынша, 2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде Көкшетау қаласында және облыста екінші деңгейлі банктердің 17 филиалы және «Қазпошта» акционерлік қоғамының Астана филиалы «Астана поштамты» Көкшетау қалалық пошта байланысы торабы жұмыс істейді.
– 2017 жылдың шілдесінде АҚШ долларына теңгенің орташа биржалық айырбас-тау бағамы 325,31 теңге, еуроға – 374,08 теңге, ресей рубліне – 5,46 теңгені құрады. Қазіргі кезде қаржы нарығындағы жағдай қалыпты, – деді Гүлнәр Омарова өз сөзінде.
Сонымен қатар, ол ағымдағы жылдың 1-ші тамызындағы жағдай бойынша экономика саласына салынған несиелік салымдардың жалпы көлемі 186,1 миллиард теңгені құрағанын атап өтті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8 пайызға артып отыр. Несиелер құрылымында қысқа мерзімді несиелердің көлемі 33,8 миллиард теңге, ұзақ мерзімді несиелердің көлемі 152,3 миллиард теңгені  құрады. Дегенмен, осы күні берілген несиелердің толық қайтарылмай жатқан да жайы бар.
– Қазіргі кезде банктердің тұтынушылық несиелері бойынша облыс халқының берешегі 53 миллиард теңгеге жетті. Ипотекалық несиелері бойынша облыс халқының берешегі 23 миллиард теңгені құрады, – деп атап өтті Гүлнәр Омарова.
Сонымен қатар, брифингте депозиттер және төлем карточкалар нарығындағы ахуал сөз болды. Мәселен, былтырғы жылмен салыстырғанда биыл банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 24,1 пайызға артып, 130,8 миллиард теңгені  құраған.
Брифингте журналистер тарапынан банк жұмысы мен қаржы нарығына қатысты сауалдар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар