Бәсекелі ортаға берілуде

2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары аясында Ақмола облысында 15 ұйым бәсекелі ортаға беруге жатады.

Оның ішінде, қазіргі уақытта 3 нысан  («Степногорск Тазалық» ЖШС; «Тазалық» МКК; «Бурабай таңы» ЖСШ (49 пайыз) сатылды. Бір нысан бойынша («Атбасар қаласының жолаушылар тасымалы» ЖШС) өтінімнің болмауынан тендер үш рет өткізілген жоқ. «Көкшетау Қала Кадастры» ЖШС да таратуға жатады, осыған байланысты қазіргі уақытта сәйкес шаралар өткізілуде.
8 нысан бойынша («Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы» МКК, «Спорттың ойын түрлері бойынша спорт клубы» МКК, «Арлан» кәсіби хоккей клубы» ЖШС, «Оқжетпес» футбол клубы» МКК, «Көкше-Қамқор» ЖШС, «Бурабай» спорт сарайы» МКК, «Бурабай ЕРЦ» ЖСШ, «Бурабай нұры» ЖШС) облыстық  әкімдіктің, Бурабай аудандық және Көкшетау қалалық әкімдіктерінің тарату туралы қаулылары қабылданды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы 2 нысанды сату мерзімі («Көкше Жәрдем» МКК; «Степногорск-ЕРЦ» ЖШС)  2017 жылдың қарашасына және 2018 жылға қарастырылған. «Көкше Жәрдем» МКК сатылу мерзімі 2017 жылдың қараша айына,  «Степногорск-ЕРЦ» ЖШС 2018 жылға қарастырылған. Сонымен қатар, Ақмола облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 3 наурыздағы  №А-3/372 қаулысымен 2017 жылы жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық меншіктің тізбесі бекітілді, осыған сәйкес саудаға 58 автокөлік және 1 жылжымайтын мүлік нысаны шығарылады.
Жекешелендіруге жататын мемлекеттік мүлік нысандары туралы ақпарат www.gosreestr.kz. веб-сайтында орналасқан, ол ашық, қолжетімді және кез-келген адам өзін қызықтырған ақпаратпен таныса алады. Сонымен қатар, қолданыстағы заңдылыққа сәйкес сауда өткізу туралы жарнама сауда өткізуге дейін 15 күн бұрын мерзімдік баспасөзде жарияланады.
Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру бойынша сауда мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – «Ақпараттық-есеп орталығы» АҚ www.gosreestr.kz сайтында электронды нысанда өткізіледі.
Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру бойынша саудаға белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар қатыса алады.  
Сауя ОСПАНОВА,
мемлекеттік сатып алу және коммуналдық
меншік басқармасының бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар