Баланы қуантайық

Ақмола облысы іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Кенесары ауылында салтанатты шара өтті.

Биыл ауылда 52 бала бірінші сыныпқа барды. Олардың 25-і ер бала, 27-сі қыздар. Білім күні қарсаңында аталған  қауымдастық меценаттардан, демеушілерден, жиналған қаржыға  бүлдіршіндерге мектеп жабдықтарын сатып әперіп, бір қуантып тастады. Дәптер, қалам, түрлі-түсті картон сынды су жаңа заттарға толы мектеп сөмкелері алғаш рет оқушы атанғалы отырған балғындарға салтанатты жағдайда табыс етілді.
Ақмола облысы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Дәмелі Қойшина, ауыл әкімі Әлімжан Ахметов және мектеп директоры Наталья Васильева балаларға ақ жол тілеп, ізгі сөздерін арнап жатты. Ал, арнайы осы шараға шақыртылған көңілді аниматорлар әнмен, бимен және қызықты жарыс-тармен бүлдіршіндердің көңілін, тіпті көтеріп жіберді. Сабынды шарлар шоуын кішкентай ұл-қыздарымен бірге, ата-аналар да қуана тамашалады. Сонымен қатар, бұл күні «Көкшетау сүт зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атынан балмұздақтар таратылды.

Елена АНДРОНЯК,
Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығы жанындағы медиа орталықтың жетекшісі.

Бурабай ауданы.  

 

Көңіл жылуы

 

«Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы аясында  облыстық әділет департаментінің ұжымы да жыл сайын көп балалы немесе аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына материалдық көмек көрсетіп келеді.
Жыл сайын оқушылардың мектепке дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын дәстүрлі қайырымдылық акциясына департамент те өз үлесін қосуда. Жаңа оқу жылы қарсаңында ұжым Көкшетау қалалық №6 орта мектебіне 1-ші сыныпқа баратын Нұртас есімді бүлдіршінге киім-кешек пен оқуға қажетті құрал-жабдықтарын сатып әперді. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған оқушыға департамент ұжымы білімді де тәрбиелі азамат болып өсуіне тілектестіктерін айтып, ұстаздары мен ата-анасының үкілеген үміттерін ақтайтындықтарына  сенім білдірді.  

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар