Ізгі ниетпен

Кеше облыс әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков Польша мемлекеті Нижнесилезское воеводының маршалы Цезари Пшыбылский мен сейм депутаттарын қабылдады.

 

Ынтымақтастық кездесуде Асхат Қайнарбеков Польшаның делегациясын облыстық мәслихат депутаттарымен және салалық басқармалардың өкілдерімен таныстырды. Ақмола облысының аграрлы-индустриалды  аймақ екендігін айтып, бізде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, машина құрастыру, құрылыс саласы жақсы дамығандығын айтып өтті.
Туризм саласын дамыту мәселелеріне тоқталып, тасымалдық-логистикалық тұрғыдан келгенде өңіріміздің географиялық орналасуы өте ыңғайлы екендігін жеткізді. Сонымен бірге, аймақта инвестицияларды тарту арқылы жүзеге асыруға болатын жобалардың көптігіне, ол үшін елімізде инвесторлармен жұмыс істеуге арналған құрылымдардың бар екендігіне назар аударды.
Нижнесилезское воеводының маршалы Цезари Пшыбылский да өз қарамағындағы аймақтың географиялық және экономикалық жағдайларына назар аударып, туризм, құрылыс,  бизнес, тасымалдау жақсы дамығандығын кеңінен әңгімелеп берді. Воеводта 4 арнайы экономикалық аймақ орналасқан. Кен-байыту және өңдеу фирмаларына тоқтала келіп, автокөлік құрастыру, құрылыс фирмаларының молдығына назар аударды. Сонымен бірге, велосипед жолдарын салу тәжірибесімен бөлісті. Жалпы, екі жақты әңгіме барысында туризмді дамыту, құрылыс, табиғи өнімдерді пайдалану мен экспорттау, бизнес саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Суретті түсірген Ермұрат ДОСЫМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар