Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сот төрағасы өңірлерде болды - АРҚА АЖАРЫ

Сот төрағасы өңірлерде болды

Облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров сегіз ауданда болып, соттардың жұмысымен танысты, аудан активтерімен кездесіп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына байланысты өз ой-пікірлерімен бөлісті және азаматтарды қабылдады.

 

Бурабай, Еңбекшілдер, Бұланды, Ақкөл, Шортанды, Ерейментау, Аршалы аудандары мен Степногорск қаласында болған облыстық соттың төрағасы ең алдымен, сот жұмысымен танысып, атқарылып жатқан істерге, назар аударылатын түйткілді мәселелерге көңіл бөлді. Аудандық соттардың бәрі дерлік ғимараттарын заман талабына сай жаңғыртып, қажетті жиһаздармен, заманауи құрал-жабдықтармен жарақтаған. Сот мәжілістері өтетін залдар бейне және дыбыс жазғыш құрылғылармен жабдықталған. Облыстық соттың төрағасы әсіресе, өңірлік соттардағы сот мәжілістерін мемлекеттік тілде жүргізу жайына көңіл бөлді. Өкінішке орай, облыс соттарының көбінде мемлекеттік тілде жүргізілетін істер саусақпен санарлықтай ғана. Мұны судьялар арыз берушінің қай тілде арыз бергеніне қарай іс жүргізілетінімен түсіндіреді. Дегенмен, облыстық соттың төрағасы алдағы уақытта қазақ ұлтының өкілдері қатысқан сот мәжілістерін негізінен мемлекеттік тілде өткізу қажеттігін тапсырды.
Аудан активтерімен болған кездесулерде Досжан Әміров  Елбасы мақаласына байланысты туындайтын міндеттер жайында
баяндады. Киелі орындардың географиялық картасын жасауда жергілікті жерлердегі сондай жұртқа белгілі орындардың қалып қоймауы қажеттігіне назар аударды. Мұндай орындар қай жерде де аз емес. Сонымен бірге, бүгінде құлазып қалған ауылдарды көтеруге игі ықпалын тигізетін «Туған жер» бағдарламасын орындауға кәсіпкерлер белсене атсалысуы қажеттігін атап өтті. Облыс соттарында жастарға рухани тәрбие беру, олардың бойындағы отансүйгіштік қасиетті орнықтыру сияқты Елбасы мақаласында көтерілген келелі міндеттерді орындау бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар да назардан тыс қалмады.
Облыстық соттың төрағасы дауласқан тараптарды татуластырып, араағайындық жасап жүрген медиаторлардың еңбектерін ескерусіз қалдырмай, өз жұмыстарын жақсы атқарып жүрген медиаторларды алғыс хатпен марапаттады. Өңірлерге жұмыс сапары барысында облыстық соттың төрағасына жеке басы мәселелері бойынша қырыққа тарта азамат кіріп, өз сауалдарына толымды жауаптар алды.  

Облыстық соттың баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар