Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің 2017 жылғы 6 қыр-күйектегі өкімімен Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің  2017 жылғы 6 қыр-күйектегі өкімімен Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов облыстық білім басқармасы басшысының  міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Талғат Жүнісов 1963 жылдың 3 шілдесінде қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Қарағаш ауылында дүниеге келген. Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик, «Фемида» заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының докторы, академик.
Еңбек жолын туған ауылында жұмысшы болып бастаған. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде ассис-тенттен доцент, ауыл шаруашылығы институты директорының орынбасары, сырттай оқытатын бөлімшенің деканы, проректор лауазымына дейінгі қызмет жолынан өткен. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде қызмет атқарған. 2002-2008 жылдар аралығында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің проректоры, 2008-2012 жылдары Рудный индустриалдық институтының ректоры, 2012-2014 жылдары ҚР Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті, 2014-2016 жылдары ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры болып қызмет атқарды.  Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Ұлттық аграрлық ғылыми-оқыту орталығы» ҰАО Басқарма төрағасының орынбасары болды.
«Құрмет» орденімен, мерекелік медаль және төсбелгілермен марапатталған.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар