Әділдік қалпына келтірілді

Еліміз  бағдар етіп ұстанған құқықтық демократиялық зайырлы қоғамда барлық даулы мәселелер сот арқылы шешімін табуы және азаматтардың құқығы заң арқылы қорғалуы тиіс.

Дегенмен де, осындай құқықтық қоғамда өмір сүріп жатқанымызды сезінбейтін, заңды өз қалауларынша бұзуға болады деп санайтын адамдар да жоқ емес.
Таяуда Еңбекшілдер аудандық сотында К. деген азаматтың шағымы бойынша азаматтық  іс қаралды. Ол 2014 жылдан бас-тап «Өркен» серіктестігінде экскаваторшы болып еңбек еткен. Уақытпен санаспай шаң-тозаңның арасында жұмыс істеу оңай емес.  Осындай ауыр жұмысты ойдағыдай бірнеше жыл бойы атқарып келген оны серіктестік басшылығы бір-ақ  сәтте жұмыстан шығарып тастайды. Оқиға былай болған. Биылғы жылдың ақпан айында экскаватор бұзылып,  соған байланысты ол серіктестік басшыларына  техниканы жөндейтінін, бірнеше күн жұмысты тоқтатуға тура келетінін  айтып ескертеді. Сөйтіп, өзі бұзылған экскаваторды жөндеу жұмысымен айналысады. Арада екі апта өткенде техниканы жөндеп бітірген ол жұмысқа шығады. Бірақ, жұмыста оны жағымсыз жаңалық күтіп тұр екен. Серіктестік басшылығы осы кезеңде онымен жасалған келісім-шартты бұзып, жұмыстан шығарып тастапты. Бірнеше жыл бойы уақытпен санаспай сіңірген еңбегі ескерілмей, бір-ақ сәтте жұмыссыз қалған К. сотқа шағымданады.
Аудандық сот оның шағымын толық қанағаттандырып, серіктестік басшылығына оны жұмысына қайта алуды және еріксіз жұмыссыз жүрген күндері үшін алатын тиісті жалақысын төлеуді, оған қоса ар-ождан шығынын өтеуді жүктеп, шешім шығарды. Осылайша заңды аяқ асты еткен серіктестік басшылығының әрекетіне заң арқылы тосқауыл қойылды.
 
 Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар