Алдың екен, дұрыс пайдалан

Меншік иелері құрылыс жүргізуге алып, пайдаланбаған жер телімдердің қайта  қайтарып алу облыстық жердің пайдаланалуы мен қорғалуын бақылау басқармасының ерекше бақылауында тұр.

Құрылыс нысандарын салуға арналған жер учаскелерін пайдаланбайтын меншік иелері мен жер пайдаланушыларына басқарма берілген өкілеттіктер аясында тексеріс шараларын жүзеге асырады. Заңнаманың талаптары мен логикалық көзқарасына сүйенсек, құрылысқа арналған жер бос болмауы керек.
Бүгінгі таңда басқарма облыс бойынша 2015-2017 жылдары аралығында жүргізілген тексерістер нәтижесі бойынша жер учаскелерін пайдаланбағаны үшін (құрылыстар болмағаны) 327 нұсқама берді. Салық кодексінің талаптарына сәйкес, нысандар салуға арналған және тиісті нысанада пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, салықтың базалық мөлшерлемелері нұсқаманы табыс еткен күннен бастап он есе ұлғайтылады. Басқарма жер учаскелері бойынша облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне ақпараттар жіберді. 2015-2017 жылдары ұлғайтылған салықтық базалық мөлшерлерінің ортақ сомасы 16,9 миллион теңгені құрады.
Жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың нысанына сәйкес учаскесінде құрылыс жүргізу үшін бір жылдай уақыт беріледі. Нұсқаманың мерзімі өткен жағдайда және құрылыстың жоқтығына байланысты басқарма Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 94-бабына сәйкес сот органдарына жер учаскесін мәжбүрлі түрде алу туралы талап ұсынылады. Жер экономикамыздың негізі болып табылады. Жерсіз тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар, кәсіпорындар, сауда орталықтары және өзге де нысандар жұмыс істей алмайды. Сондықтан, бос тұрған жерлер әсіресе, қала аумағындағы учаскелер дағдарыстың және ұқыпсыздықтың белгілері, үлкен пайдадан айырылып қалу болып есептеледі. Осыған орай, құрылыс жүргізуге берілген жерлерді тиімді пайдалануды сұраймыз. Жерді игере алмайтын жағдайда мемлекетке қайтарыңыз немесе оны игере алатын жағдайы бар басқа тұлғаларға беріңіз.

Әсет МҰХАМЕДЖАН,
облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын  бақылау басқармасының бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар