Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Медиация көмекке келеді - АРҚА АЖАРЫ

Медиация көмекке келеді

Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында «Балалар мен жасөспірімдерге қатысты істерді қараудағы медиацияның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. 

Шараға білім басқармасы мен облыстық прокуратураның  өкілдері, «Жас Отан» партиясы жастар қанатының белсенділері және медиаторлар қатысты. Биылғы жылдан бастап кәмелетке толмағандарға байланысты дауларды медиаторларды қатыстыра отырып қарауға арналған қанатқақты жоба іске асырылмақшы. Араағайыншылық институтын кәмелетке толмағандар ісіне тартудың мәні зор.
Медиаторлардың міндеті тараптарды дауды сот арқылы емес, сотқа жеткізбей екіжақты тиімді келісім арқылы татуластыруға ұмтылу екендігін ескерсек, отбасы тұтастығын сақтауға, балалардың  психологиясына кері әсерін тигізбеуге мұның игі ықпалы болатыны анық.
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының төрайымы Айсұлу Жұматованың жетекшілігімен өткен дөңгелек үстелде балаларға қатысты дауларды медиаторлардың көмегімен шешудің жақсы жақтары жайында жан-жақты әңгіме өрбіді. Халықаралық құқықтық тәжірибеде «Мектеп медиациясы» енгізіліп, бұл өзінің жақсы қырларынан көрінуде. Осы орайда, шара барысында бізде де осындай жобаны енгізудің қажеттігі айтылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар