Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Монтессори ізімен - АРҚА АЖАРЫ

Монтессори ізімен

Көкшетау қаласындағы №1 облыстық арнайы түзету мектеп-интернатында Ақмола облыстық білім басқармасы мен Тұңғыш Президент қорының және жеке кәсіпкер М.Х.Бадиевтің қолдауының арқасында бүлдіршіндерді Мария Монтессоридің әдісімен оқытатын, арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген сынып ашылды. 

Мария Монтессоридің әдісі ғана өз құрдастарынан кем болмайтын, қоғамнан шет қалмайтын ұрпақты тәрбиелеуге мүмкіндік беріп отырған таптырмас бағыт. Жалғыз дейтініміз, осыдан ғасыр бұрын Марияның шәкірттері өздерінің құрдастары болатын, алайда, оларға берілмеген мүмкіндікке ие, жалпыға ортақ білім беретін мектеп оқушыларымен болған білім сайысында олардан басым түскен.
–Монтессори әдісі: «Оқыту емес, оқу» әдісі, ол оқушыға өз еркімен ойнай отырып білімін жетілдіруге, ойлау қабілетін арттыруға бағыт береді. Сол себепті, аталмыш білім мекемесінде ашылған сыныптың оқушылары болашақта құрдастарын білімімен басып озады деп сенім білдіреміз, әрі осындай сыныпта сауатын ашқан балалардың 50 пайызының екі жыл көлемінде жалпыға ортақ мектептерге ауысуға деңгейінің жететіндігіне куә боламыз деп үміттенеміз,– деді өз сөзінде мектеп-интернатының директоры Ольга Бурдинская.
Сыныптың салтанатты ашылуында Ақмола облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Ботагөз Дүйсенова оқушыларды және олардың ата-аналарын құттықтап, демеушілік еткен Тұңғыш Президент қорына, жеке кәсіпкер М.Х.Бадиевке алғысын білдірді. Өз кезегінде ата-аналар қауымының атынан сөйлеген Оксана Шипова да қуанышын жасырмай келген қонақтарға, демеушілерге жүрекжарды ізгі тілегін жеткізді. Жаңа сыныптың лентасы қиылғаннан соң, шараға келген қонақтар сыныптағы оқу құралдарының таныстырылымын тамашалауға мүмкіндік алды.
Балам – болашағым деген жұрт, осылайша Монтессори ізімен келер күнге қадам басты.

Қымбат-Ай ТОЙЛЫБАЙ.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар