Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мақал – сөздің мәйегі - АРҚА АЖАРЫ

Мақал – сөздің мәйегі

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының арнайы әлеуметтік тапсырысы аясында «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі Мәлік Ғабдуллин музейімен бірлесіп, «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сөз сайысы байқауын өткізді. 

Бұл байқау Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген идеяны кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге тәрбиелеу және мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктету мақсатында ұйымдастырылды. Қазақтың ауыз әдебиеті үлгілері арқылы ана тіліне деген сүйіспеншілікті арттыру, әдеби тілдің асыл мәйегін жас ұрпақтың тілдік қолданысына барынша сіңіру бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Тілін құрметтеген ұрпақ елінің де ертеңін ойлайтын болады. Бұл Елбасының рухани жаңғыру мақаласында баса айтылған қағидалардың бірі. Аталмыш  байқау жас сайыскерлер мен студенттер қауымын өз ана тілін сүюге, құрметтеуге талпындыратын игі қадам болды.
Байқауға сайыскер ретінде Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Ақ қауырсын» үйірмесінің мүшелері қатысты. Байқау төрт кезеңде өтті. Бірінші кезеңде 30-40 баладан іріктеу жасалып, келесі және негізгі сайыс кезеңіне төрт үміткер іріктелді. Екінші кезең: «Жалғасын тап» деп аталады. Онда мақалды жалғастыру арқылы үміткерлер біліктілігі бағаланды. Одан әрі «Көнерген сөздерді білу» кезеңінде арнайы дайындалған ұяшықтарда күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ, қазақ тілінің сөздік қорында сақталған сөздер жасырылды. Төртінші «Сөз жұмбақ» кезеңінде жасырылған сөздер мен жұмбақтардың жауабын шешу ұсынылды.
Байқаудың ақтық сайысына қатысып, жүлдегер атанған қатысушылар арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Атап айтсақ, бас жүлде Наздана Хайымханға, қалған екі жүлделі орын Алтыншаш Құрманаева мен Ақбота Съезге берілді.

«Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар