Өрттен екі бала қаза тапты

Үстіміздегі жылдың 16 қыркүйек күні 21 сағат 40 минутта өртке қарсы қызмет кезекшісіне облыс орталығындағы Оразбек Қуанышев көшесіндегі тұрғын үйден өрт шығып жатқаны туралы суыт хабар түсті. 

Өрттің салдарынан екі бала қаза тапты. Оның біреуі 2016 жылғы, екіншісі 2009 жылғы. Өрттен екі адам құтқарылды, оның біреуі тағыда бала.
Әзірге өрттің шығу себебі – тұрмыстық техниканы дұрыс пайдаланбаудан деген болжам бар. Оқиға орнында Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының тергеу тобы жұмыс істеуде.
Негізінде тілсіз жау – өрт орын алған кезде адамдардың қаза табу себебі, көміртегі тотығымен уланудан болады. Сондай-ақ, тұрғындардың ұйықтап қалуы, өрт туралы кеш хабарлауы орны толмас өкінішке соқтырады.
Облыс аумағында 2017 жылдың сегіз айында өрт салдарынан 18 адамның қаза тапқандығын, оның төртеуі балалар екендігін айта кетуіміз керек. Жыл басынан бері департаменттің аумақтық бөлімше қызметкерлері тұрғындарға өрттің алдын алу шаралары туралы түсінік беруде. Материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда. Одан басқа тілсіз жаудың тақсыретін баяндайтын плакаттар, парақшалар, оқу құралдары да таратылуда. Алдын алу барысында 40 мыңнан астам тұрғын үйлерді аралап, нұсқаулықтар тапсырылды. 1176 рет рейд өткізілді.
Осыншама ауқымды жұмыс жүргізіліп жатса да, оқыс оқиға азаяр емес. Бүгін тағы бір рет облыс тұрғындарына тұрмыстық техника, пеш, электр аспаптары мен жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау қажеттігі туралы естеріне салғымыз келеді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар