Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қырық бес жыл өткен соң... - АРҚА АЖАРЫ

Қырық бес жыл өткен соң…

Таяуда облыстық мектеп-интернатында білім ордасын 1972 жылы тәмамдаған түлектер 45 жылдан кейін қайта қауышып, сыныптастар кешін ұйымдастырды. Аталмыш кездесуге түлектердің әрқайсысы айрықша тебіреніспен дайындалғанын аңғару қиын емес. 

Олар бұл шараны өткізбес бұрын, кейінгі жылдары отбасы жағдайымен, бала-шағаларының қамымен еліміздің әр өңіріне қоныс аударған сыныптастарына хабар берді. Дәріс берген ұстаздарын іздестірді. Олардың көбі әлдеқашан өмірден өтіп кеткен екен.
«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» демекші, кез-келген шәкірттің өміріндегі қымбат адам – ұстаз. Жақсы мұғалімнің есімі шәкірт жүрегінен өшпейтіні бар. Айтжан Хасенов, Лиза Жарқынбаева, Қаншайым Бубенеева, Балғожа Көкенов, Жылқайдар Нұркеев, Кенжебай Сағындықов, Дәржан Ниязбекова, Эрна Шейфер, Нұрмаш Молдахметов, Балқадиша Саменова, Гүлбайрам Жакеева тағы басқа ұлағатты ұстаздарын кешке жиналғандардың барлығы ыстық ілтипатпен еске алды.
Адамның бойындағы игі қасиеттер оның болашақта өз ісіне адал, әділ болуына септігін тигізеді. Осы тұрғыда облыстық мектеп-интернаттың тәрбиешілерінің еңбегі зор. Олардың қатарында Дәржан Ниязбекқызы, Балқадиша Қайырбайқызы, Қаншайым Сағындыққызы, Айтжан Оспанұлы, Нағима Мұхамбетжанқызы, Гүлбарам Дәрменқызы бар.
Уақыт зымыран, бір орнында тұрмайды. Қырық бес жыл бұрын аталмыш білім ордасынан түлеп ұшқан қыз-жігіттер қазір самайларын ақ шалып, пайғамбар жасына жетіп, бүгінде ел ағалары мен ардақты аналарға айналды. Кездесу кешінде сағынысып қауышқан сыныптастар бір-біріне ілтипат білдіріп, ізгі, ақжарма тілектерін арнады.

Айман  ЗӘЛЕЛҚЫЗЫ.
Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар