Жол бойының жағдайы заман талабына сай болмақшы

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин «Қазавтожол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ермек Қизатовпен кездесті. Кездесу барысында келесі туристік маусымға дейін жол бойындағы қызметті бірлесе жақсартуға орай бірқатар мәселелер пысықталды. 

–Сіздердің атқарып жатқан жұмыстарыңыз туралы облыс тұрғындары тарапынан жақсы пікірлер айтылуда. Щучинск – Бурабай курортты аймағындағы жолдардың жөнделуі, Көкшетау қаласының кіреберісінің тәртіпке келтірілуі, сондай-ақ, Щучинск – Зеренді, Көкшетау – Рузаевка бағыттарындағы жолдарды  жөндеудің басталуы біздің аймақтағы туризмді дамыту мүмкіндігін молайта түседі. Алдағы уақытта жол бойындағы қызметтің сапасын жақсарту үшін біз сіздермен тығыз әріптестік қарым-қатынас жасауға әзір-
міз, – деді облыс әкімі.
Өз кезегінде Ермек Қизатов компания жолдарды жөндеумен бірге, облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып, өткен жылдан бері жол бойындағы қызмет көрсету сапасын жақсартуға атсалысып келе жатқандықтарын айтып өтті.
Облыстық әкімдік аталмыш компания-мен бірге Астана – Бурабай бағытында үш жобаны жүзеге асырғандығын айта кетуіміз керек. Аршалы және Торғай елді мекендерінде екі жоба жүзеге асырылуда. Жол бойындағы қызмет көрсету жүйесі мықтап қолға алынып, жаңа тұрпаттағы тамақтандыру орындары, қонақ үйлер және күзетілетін автотұрақтар салынуда. Тараптар келесі туристік маусым басталғанша облыс аумағында 9 модульді павильондар мен демалыс алаңдарын салуды жоспарлап отыр. Оның 4-еуі Астана – Бурабай бағытындағы жол бойынан орын тепсе, 2-еуі Щучинск – Бурабай курортты аймағында орнатылады.
Облыстық әкімдік пен «Қазавтожол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы бірлесе отырып, осындай 22 жобаны жүзеге асырмақшы.
«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар