Әлем жетістігін қазақша еркін сөйлету – ұрпақ міндеті

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында жарияланған бағдарламалық мақала заман талабына сай туындап отырған экономикалық жаңа өзгерістерге қабілетті жаңа Қазақстанды қалыптастыру міндеті алға қойылған тағы бір құнды еңбек екені сөзсіз.

Бұл құжатта ұлттық идеологияның, рухани жаңғырудың маңызды тетіктері қарастырылған. Экономикамызды жаһандық бәсекеге қабілетті етіп қайта құра отырып, сол жаңа технологиялармен жұмыс жасай алатын ІТ-білімді, қаржылық сауатты, ұлтжанды жас ұрпақ тәрбиелеп өсіруіміз керек.  Қазақ тілінің басымдығын сақтай отырып, кезең-кезеңмен үш тілді оқуға көшу мәселесін жүзеге асыру жаңа индустрия, жаңа экономика тілін қазақ тілінде еркін сөйлете алатын азаматтар дайындауымыз керек дегенге саяды.
Мемлекетіміздің одан әрі дамып, көркейіп, гүлденуі үшін қолға алынған маңызды бастамалардың бірі – латын әліпбиіне көшу. Қашанда кемеңгерлігімен ерекшелене білген Елбасы: «2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан, біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз», – деп мәлімдеді. Бұл – заман талабына сай айтылған орынды ой. Себебі, бар ақпарат, ғылыми жаңалықтар ағылшын тілінде, латын қарпімен жарық көруде. Қазіргі кездегі басты мәселе – осы латын әліпбиіне көшу тұрғысындағы екіұдайлы пікірлерден арылу. «Қазақстан – 2050» Стратегиясында латын әліпбиіне 2025 жылы толық көшетініміз туралы нақты белгіленген. Халық арасында, тіпті, ақпарат құралдары кеңістігінде өзіндік ой айтып, бұл бастаманың ақша шашу екендігін дәлелдеуге тырысып жүрген азаматтарды да көзіміз шалып қалады. Бірақ Елбасының «Латын әліпбиі – заман талабы» деген сөзін басшылыққа ала отырып, әлем кеңістігіне еркін сая-хаттай алатынымызға кәміл сенуіміз керек. Қазақ елі өзін тағы да бір жаңа қырынан танытары хақ!  

Руслан ӘЛІБАЕВ,
Целиноград ауданындағы Родина №33 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар