Жаңа технология тілі білімнің биігі

2018  жылдың басынан  мамандарды даярлау, орта мектептерге арналған оқулықтарды біріздендіру сияқты ауқымы кең жауапты жұмыстар қолға алына бастайды. Қоғамдағы түрлі пікірлерге қарамастан, біздер мектеп қабырғасындағы балаларымыздың, жалпы жастарымыздың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарынан, олардың гаджеттердің және компьютердің тілін меңгеру деңгейінен латын әліпбиін іліп алып кететініне толығымен көзіміз жетіп отырған жайымыз бар. Бұл дегеніміз,  жаңа әліпбиді оқып-үйрену барысында, жас буын
үшін ешқандай қиыншылық тудырмасы белгілі.  
Жеке өз басым Елбасымыздың латын әліпбиіне көшу бастамасын қолдаймын. Қоғамдағы кейбір мәселелер бұған әсер ете алмауы тиіс. Біз бүгіннің талабына сай әрекетке көшпекпіз. Болашақ сабақтасатын дүние осы болмақ.  Жаңа технологияның тіліне жақындау, жаңа білімнің биігіне көтерілумен тең. Оның үстіне үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыруға кіріскен ел үшін латын  әліпбиіне көшу аса ауыр соқпауы ықтимал, өйткені, өскелең ұрпақ  балабақшадан ағылшын тілін меңгеріп отыр емес пе?!
Күн санап жаһандану үдерісінің ішкі әлеміне бойлап еніп барамыз. Бізге дейін латын әліпбиіне көшкен елдерге қарасақ, олар сол бір тарихи маңызды шешімдерінің ешқандай олқылығын көрмеген секілді. Рухани байлығынан айырылып, ұлттық құндылықтарын жояды деп қауіптену де қателік еді. Мәңгілік елдің мәнді ғұмырының өлшемі асығыс шешімдермен шешілмек емес.  
Бағзыдан еркіндікті сүйген ел едік, латын қарпінің қолданысқа енуінен соң, әлдекімдерге бодан боларлықтай осалдық таныту біздің ұлтқа тән қылық емес. Саясаттың сан қырлы қатпарларының астарын ақтарып,  ашық айтылған мақсатымыздан бас тартпауымыз керек. Қолдан келсе, бірігіп жұрт болып  болашақтың жүгін көтерейік демекпін. Біздің халық, жасампаз халық, басынан түрлі қиындықтар кешсе де, өзінің дара жолынан жаңылмаған. Сол сертті жолынан, межелі мақсатынан айнымаса екен деп тілеймін.
 Шолпан ОМАРОВА,
«Нұр Отан»  партиясының Степногорск қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар