Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Медиация – сотқа дейін өзара келісімге келу - АРҚА АЖАРЫ

Медиация – сотқа дейін өзара келісімге келу

2017 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Соты төрағасының өкімімен даулардың жекелеген санаттары бойынша  медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша қанатқақты жобаны іске асыру туралы ереже бекітілген еді. 

Бұл  жоба кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарында, азаматтық істерді қарайтын аудандық және оларға теңестірілген соттарда, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарда 2017 жылдың шілде айынан іске асырылу көзделген болатын. Дегенмен, уақыт талабына сай аталмыш өкімге бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сөйтіп, жобаның іске асыру мерзімі 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.
Қолға алынған жаңа жобаның мақсаты – даулардың жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу. Бұл мақсат тараптарды  татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды реттеу мүдделілігін анықтау негізінде жүзеге асырылады.
Қазақ арасында араағайыншылдық ертеден қалыптасқан бар дәстүр. «Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» дейтін қазақ қандай қиын дауларды да араағайыншылдықтың көмегімен тараптарды келістіре отырып шешкен. Бүгінгі медиацияның міндеті де дауласушы тараптарды сотқа дейін келістіріп, татуластыру және дауларын екі жаққа да тиімді етіп шешу болып табылады. Осы орайда, Жоғарғы Сот өкімімен жүзеге асырылатын қанатқақты жоба медиация арқылы шешілетін дауларды нақтылап, оның аясын кеңейте түседі. Жобада қамтылған даулардың қатарында кәмелетке дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қатысты даулар да, азаматтық істер бойынша шешілетін даулар да бар. Нақтырақ айтар болсақ: баланың мүдделеріне орай тұрғылықты жерін, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау, баланы басқа адамдардан тартып алу, 21 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент өндіріп алу туралы даулар қарастырылады. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-бабының 1-тармағымен міндетті түрде сотқа дейінгі келісім комиссиясына жүгіну тәртібі көзделмеген еңбек даулары, мұрагерлік, көршілердің арасындағы жер телімдері шекараларын анықтау, пәтерлерді су басқандығы туралы, пәтерден шығу туралы, кондоминиумды басқару мәселелері бойынша, некені бұзу және мүлікті бөлу, қарыз келісім-шарттары, сақтандыру, мүлікке меншік құқығы туралы, тауар жеткізілімінің, жалдау, сатып алу-сату, тасымалдау шарттары, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, корпоративтік даулар, медициналық қызмет көрсетуге байланысты туындаған даулар да осы санатта қарастырылады.
Медиацияны тараптардың келісімі бойынша сотта судья, не татуластыру рәсімдерін жүзеге асыратын медиатор жүргізеді. Медиацияны жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Азаматтық процессуалдық кодексінің, «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Қанатқақты жобаға қатысу бойынша өз ұстанымдарын жазбаша түрде бере отырып, медиатормен медиация жүргізу туралы тараптардың жасалған жазбаша келісімі бес күннің ішінде сотқа ұсынылады. Егер оған қатысудан бас тартатын болса, бұл туралы жазбаша өтініш сотқа жолданылады.
Егер тараптар медиация арқылы іс жүргізген кезде келісімге қол жеткізбесе, іс жүргізу қайта басталып, оны сот талқылауына дайындау жалпы тәртіппен жүргізіледі.
Роза ЕРТАЕВА,
Ақмола облыстық сотының судьясы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар