Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Латын – заманның талабы - АРҚА АЖАРЫ

Латын – заманның талабы

Бұланды аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа бағдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Бақыт Тасылбекованың жетекшілігімен өткізілген іс-шараға селолық округтердің әкімдері, аудандық жастар ресурстық орталығының, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен мәдениет үйінің өкілдері қатысты. Аталмыш шара еліміздің түкпір-түкпірінде өткізілген Тілдер мерекесі онкүндігіне орайластырылып, ұйымдастырылды.    
Аудан әкімінің орынбасары латын қарпіне көшу Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында атап көрсетілген басым міндеттердің бірі екендігіне тоқталып, латын әліпбиінің мән-маңызы туралы айтты. Бұдан әрі тілдерді оқыту орталығының  директоры Бектас Қажақанов, аудандық мұрағаттың директоры Нұрлығайым Сағиева, аудандық аурухананың дәрігері Орал Құрымбаевтар осы тұрғыда өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Сөйлегендер әсіресе, латын әліпбиіне көшу –заман талабынан туындап отырған мәселе екендігін, қазіргі заманауи технологиялар мен қарым-қатынастың негізгі тетігі осы жазуда болып отырғандығына назар аударды.
Кездесу барысында қазақ және ағылшын тілдерін үйрену курстарын бітірген тыңдаушыларға сертификаттар мен жастар ресурстық орталығының арнайы естелік сыйлықтары тапсырылды.
Аудандық кітапхана қызметкерлері жұртшылық назарына «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты көрме ұсынып, аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы тамашаланды.

Айгүл  АМАНЖОЛОВА.

Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар