Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызмет мінсіз болуы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызмет мінсіз болуы тиіс

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Берген Беспалиновтың төрағалығымен өткен Әдеп кеңесінің көшпелі отырысы Сандықтау ауданында өткізілді. 

Отырыстың күн тәртібіне сай кеңес мүшелері аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықты ескерту және әдеп бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс қорытындылары туралы аудан әкімі Асылбек Исмағамбетовтың есебін тыңдады. Ауданда мемлекеттік қызмет көрсету мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету талаптарының нормалары, Әдеп және Еңбек кодекстерінің тармақтары бірнеше мәрте бұзылған. Мәселен, ерлі-зайыптылардың бір құрылымда жұмыс істеуіне, мемлекеттік қызметшілердің жыл сайын тапсыратын декларацияларының дұрыс толтырылмауына жол беріліп, әкімнің орынбасарынан бастап, бірнеше селолық округ әкімдері түрлі себептермен әкімшілік-тәртіптік жауапқа тартылған. 2017 жылдың сегіз айының ішінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жүзеге асырылған 6 мыңнан астам операциялардың 98-інен бас тарту келген. Бұған қоса, басқа да өрескел заң бұзушылықтар орын алған. Аудан әкімінің мәлімдеуінше, өңірде тиісті шаралар қолданылып, арнайы тексеріс барысында анықталған кемшіліктер мен сыбайлас жемқорлық көріністері жойылуда. Кеңес мүшелері аудан басшысына мемлекеттік қызметке кір келтірмеу және сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу мақсатындағы жұмысты жандандырып, жоғарыда аталған және басқа да заң бұзушылықтарды болдырмау қажеттігін ескертіп, тапсырды.
Сондай-ақ, көшпелі отырыс барысында Атбасар қаласының әкімі Нұржан Қомбатыровқа қатысты тәртіптік іс қаралды. Ол кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл қағидаттарын ескермей, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің белгілі бір тармақтарын және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарын бұзған.
Кеңес мүшелері отырыста қаралған әрбір мәселелерге қатысты тиісті  шешім мен ұсынымдарды шығарды.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар