Тәлімгерлік – кәсібиліктің кепілі

Еліміздің кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған мақсаттарына қол жеткізуде мемлекеттік басқарудың тиімділігі ерекше маңызды.

Жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет  пен  басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру міндеттерін жүзеге асыру ісі көп жағдайда мемлекеттік қызметшінің кәсіби шеберлігімен байланысты екені рас. Жоғары жауапкершілік, кәсіби білім және оны жұмыста пайдалана білу, адалдық, адамгершілік, белсенді өмір ұстамы секілді қасиеттер мемлекеттік қызметшінің бойында болуы тиіс.
Соңғы жылдары қоғамда тәлімгерлікті насихаттап, нәтижелілікті арттыруға, кәсібилікті дамытуға мүмкіндік туғызатын әдістер кеңінен қолданылуда. Жоғарыда аталған бірінші әдіс бірлескен жұмыс барысында тәлімгер мен мемлекеттік мекеме ұжымының жас маманды жүйелі тәрбиелеуіне оң септігін тигізеді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»
Заңына сәйкес тәлімгер – мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшіге бекітілетін, оның кәсіби бейімделуіне іс жүзінде көмек көрсететін мемлекеттік қызметші болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілерді сынақ мерзімінен өткізудің қағидалары мен шарттары және тәлімгерлерді бекітудің тәртібі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы бұйрығымен бекітілген.
Тәлімгердің жұмысы жүйелі жүруі үшін мемлекеттік органда тәлімгерлер резерві құрылады. Оған мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, жоғары кәсіби қасиеттерге ие, соңғы жыл бойы қызметін бағалауда «тиімді»-ден  кем емес нәтижелері, тәрбие жұмысына бейімділігі және ұжымда беделі бар, сондай-ақ, тәртіптік жазаға тартылмаған мемлекеттік қызметшілерден қалыптастырылады. Яғни, мемлекеттік қызметте тәлімгер болу абыройлы, беделді іс. Оның мемлекеттік қызметке алғаш орналасқан тұлғаның әрі қарай қызметте кәсіби қалыптасуының кепілі деп айта аламыз.
Атап айтқанда, тәлімгер қызметшіге таңдаған мамандығын игеруге көмектеседі, оған қызметтік міндеттерді түсіндіріп, оларды сапалы орындаудың әдістері мен тәсілдерін үйретеді. Оны ұжымның қоғамдық өміріне белсенді араласуына ықпал етіп, салауатты өмір салтын жүргізуге үгіттейді, жалпы мәдени және кәсіби зерденің дамуына көмектеседі, патриотизмге тәрбиелейді. Бұл – мемлекеттік қызметшіге жұмысын тиімді жүзеге асырудың, сондай-ақ, қойылған міндеттерді өздігімен шешудің оң үлгісі болып табылады.
Тәлімгерге қойылатын басты міндет – жас мемлекеттік қызметшінің бо-йында адамгершілік, жауапкершілік, бастамашылдық, тәртіптілік, кәсіби шеберлік сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Бүгінгі күні Ақмола облысының мемлекеттік органдарында 392 мемлекеттік қызметші тәлімгерлер резервінде тұр. Бұл резерв кәсіби шебер, ұжымда беделі бар, үйрету, тәрбиелеу жұмысына бейімді мемлекеттік қызметшілерден құрылған.
Үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында 222 жас мемлекеттік қызметші тәлімгермен қамтылды. Бұл дегеніміз, жас маман мемлекеттік қызметке орналасқан уақытта шешімін таппаған күрделі мәселелермен немесе жұмыстағы қиындықтармен жеке қалмайды. Мемлекеттік қызметке тағайындалған күнінен бастап сынақ мерзімін толық аяқтаған күніне дейін оның қасында әрдайым кәсібиліктің кепілі болып табылатын тәлімгері болады. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру
ісінде бұл әдістің берер пайдасы мол деп есептеймін.

Райхан БРАТАЕВА,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.                                          

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар