Шетелдік сарапшылармен кездесті

Облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров  сот саласын жетілдіру бойынша халықаралық сарапшылар  Берт Маан және Рэймонд Джон Бернингхаммен кездесу өткізді. Сот саласының білгірлері болып табылатын халықаралық сарапшылар өңірімізге арнайы жұмыс сапарымен келген болатын. 

Кездесу барысында облыстық сот төрағасы «Сот кабинеті» сервисінің жұмысымен таныс-тырып, Елбасының сот процесінде бүгінгі күннің озық технологиясы – электрондық қызмет көрсетуді кеңінен қолдану жөніндегі тапсырмасына орай атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып өтті. «2017 жылдың 8 айында облыс соттарына 22 327 талап-арыз түсіп, оның ішінде 18198 талап-арыз «Сот кабинеті» сервисі арқылы тіркелген», – деді облыстық сот төрағасы.
Талдау және жоспарлау бөлімінің маманы Н.Ержанов ағылшын тілінде Халықаралық сарапшыларға ақпараттық-анықтамалық дүңгіршектің және сот кеңсесінің жұмысын таныстырып өтті. Облыстық соттың судьясы Р.Ертаева медиация кабинетінің жұмысымен таныстырып, 2017 жылдың 8 айында 32366 азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер қаралғандығын, оның 1164-і  медиацияны қолданумен аяқталғандығын атап өтті. Сарапшылар сот қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан сот отырысына қатысты.
Кездесу барысында шетелдік сарапшылар Ақмола облыстық сотының мұражайын көрді. Облыстық соттың ардагер-судьялар кеңесінің төрағасы М.Ғибәділов мұражайда экскурсия өткізіп, экспонаттар және артефактілермен таныстырды.  Облыстың сот жүйесінің тарихы туралы,  сот саласында әр жылдары қызмет атқарған төрағалар мен судьялар, Қазақстан мен облыстың әр аймағының өкілдері жайлы көптеген сұрақтарға жауап берді.
Іс-шараның соңында қонақтар аудандық және оларға теңестірілген соттармен бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілген кеңеске қатысты. Халықаралық сарапшылар Ақмола облысындағы жұмыс сапары барысында Ақкөл аудандық сотында, Ақмола облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында болып, аудандық соттардың жұмысымен және сот жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологиялармен танысты. Сонымен қатар, сарапшылар тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен қаралған қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот отырыстарына да қатысып, сот ісін жүргізу барысын өз көздерімен көрді.   
Облыстық соттың баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар