Невроз ауруы емделеді

Неврозды емдеу неге қиын?  Өйткені, бұл адам ағзасын ауру белгілері пайда болғанға дейін меңдеп алатын дерт. Бала кезден бастап жүйкесі жұқарған, қозбалы, депрессиялы дағдылар, яғни, өзін және  қоршаған ортаны жағымсыз қабылдау стереотиптері, эмоциялық әсер етулер де жүйке бұзылуының алғашқы белгілеріне жатады.

Осының бәрі түптеп келгенде миды қажытатын, қоршаған ортаны, өзін, өзінің сезімдерін әсерілеп қабылдауға әкелетін негізгі себептер болып табылады.
Мінез-құлықтың жүйке жұқарған түрінің себеп-салдары бар, яғни, адамның ағзасы жағымсыз эмоцияларға әсер етеді – дәрумендік баланс, зат алмасу мен микроэлементтер балансы бұзылады, ішкі органдар ишемия жағдайында болады, яғни, оларға оттегі жетіспейді. Бірақ, бұл кезде адамды ауру ретінде қабылдаған ағзаның қорғаныс реакциясы белсенді болады.
Неврозды емдеп жазу үшін, алдымен адам күйгелектенбеуі керек әрі емделу арқылы  бұл аурудың жойылатынын жете түсінуі қажет. Науқас адам аурудың себептері микробтар немесе вирус емес, жүйке жүйесінің дағдылары екенін, сондықтан, тыныштық, сабырлық керектігін есте ұстағаны абзал. Қоршаған ортадағы әртүрлі жағдайларды дұрыс жағынан қабылдай білуі шарт.
Неврозды емдеудің бір тиімді жолы – спортпен шұғылдану. Ең алдымен, неврозды емдеуде адамға психотерапия әдістерінің жаттығуларына шыдамдылық танытуды әрі қызығушылық білдіруді ұсыну керек. Бұл дерт емделеді, ол жөніндегі жағымсыз пікірлерге құлақ аспау қажет. Невроздар психикалық ауруға жатпайтындықтан, өмірге қауіпті емес, бірақ, емдеу процесі дәрігерден де, емделушіден де шыдамдылықты, байсалдылықты, күш-жігер мен білімді талап етеді. Жалпы, дәрігер кеңесіне құлақ аса отырып, ауырмаудың жолын қарастырсақ, әлдеқайда жеңіл.  
Айгүл ҚИЯСОВА,
еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар