Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
өнерлі өңір - АРҚА АЖАРЫ

өнерлі өңір

Көкшетау қаласындағы Мақтай тауы деп аталатын демалыс аймағында облыстық мəдениет басқармасының халық шығармашылығы орталығы «Рухани қазына» атты концертін ұйымдастырды.

Өлкеміздің өнерпаздары қала тұрғындарына «Рухани қазына» концерттік бағдарламасын ұсынып қана қоймай, Көкшетау қаласының тарихы музейі қаламыздың өткені мен бүгіні жайлы сыр шертетін көрме ұйымдастырды.  
Іс-шарада сөз сөйлеген облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани қазына» мақаласының қазақ қоғамында серпіліс тудырып, халықтың қолдауына ие болғанын баса айтты.
Мәдени шараға Бурабай ауданынан «Зерен» халықтық би ансамблі, «Жастар» квартеті, «Премьера» шоу-балеті, жеке орындаушылар Серәлі Балтабай, Дима Грамодских,
Медет Жазық қатысып, өнер сүйер қауымға ән мен биден шашу шашты.

 

 Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі шеңберінде Ақтөбеде Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық  байқауы өтті. Бұл байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 15 үміткер қатысты. Осы байқауға Ақмола облысының атынан қатысқан Гүлзат Қайыргелді  солардың арасынан үздік шығып, бас жүлдені жеңіп алды.
Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауына қоғам қайраткері Амангелді Айталы, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының көмекшісі Оразгүл Асанғазы қазылық етті.
–Гүлзат Русланқызына халқымыздың аса құнды байлығы, еліміздің баға жетпес қазынасы – қасиетті қазақ тілінің дәрежесін арттыру жолында аянбай атқарып келе жатқан еңбегің үшін, сондай-ақ, облыс, республика аумағында қасиетті Ерейментау елінің атын шығарып жүргеніңе алғысымызды білдіре отырып, шығармашылық табыс, зор денсаулық тілейміз,–деді тілдерді оқыту орталығының директоры Ж.Шахатова.

 

Семей қаласында өткен республикалық «Абай оқулары» байқауына облыстан төрт оқушы қатысты. Конкурс жүлдегерлері  төрт аталым бойынша анықталды. Атап айтар болсақ: «Өлең сөздің патшасы», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Көңілім әнді ұғады»,  «Ұлылар әлемі». Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша Ерейментау ауданындағы  №2 орта мектеп лицейінің 10-сынып оқушысы Анель Алдажұманова «Өлең сөздің патшасы»  аталымы бойынша 3 орынға ие болды.

 

Тәуелсіздік алаңында Халықаралық саяхатшы күніне орай, отандық туризмді және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған байқау болып өтті. 

Облыстық жастар ресурстық орталығы мен облыстық білім басқармасы жанындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы бірлесе отырып, шара барысында «Тапқыр саяхатшы»  деп аталатын, шатыр құру, от жағу, түйінді байлау сынды бірнеше кезеңнен тұратын байқау ұйымдастырылды.
Оған қала жастары, мектеп оқушылары және орта, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Жарыс соңында ақтық кезеңге дейін сүрінбей жеткен қатысушылар арнайы Алғыс хатпен марапатталып, бард әншілер ән шырқады. Күн ызғарлы, суық болса да жастардың іс-шараның өз деңгейінде өтуіне белсене атсалысқанынан-ақ, еліміздегі туризмге қызығушылықтың бұрынғыдан біршама артқандығын аңғаруға болады. Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласып, көңілді тапқырлар клубының қойылымдарыменен аяқталды.

 

Облыстық білім басқармасы мен білім беру қызметкерлері облыстық кәсіподағы ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіп, марапаттады.

Щучинск қаласында өткен салтанатты шараға қатысқан ұстаздардың барлығы шәкірт жүрегінен орын алған мұғалімдер. Жиында сөз алған облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Жүнісов ардагер ұстаздарға алғыс білдіріп, төл мерекелерімен құттықтады.
Жүрек тебірентерлік арнау өлеңдер оқылып, естен кетпес сағынышты жылдар туралы естеліктері айтылды. Бейсенбай Әбдірахманов облысымыздың 1000 ардагер ұстазына ел аумағындағы шипажайларға жолдама берілетіндігі жөнінде хабарлап, бір қуантып тастады. Еңбектің еш кетпейтіні осыда.  

«Арқа ажарының»  өз ақпараттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар