Демографиямыз не дейді?..

Облыстық әділет департаментінің тіркеу орындарының мәліметінше, биылғы жылдың тоғыз айында 8514 бала туған. Дүние есігін ашқан нәрестелердің  4367-сі ер бала болса,  4147-сі қыз. 

Балаларға ең көп қойылатын кең таралған есімдер қатарында Әлихан, Әмір, Ерасыл, Санжар деген аттар көп болса, қыз балалар арасында Айзере, Айару, Әмина, Айша есімдері жиі кездеседі.
Бала туу көрсеткіші бойынша Көкшетау қаласы көш басында тұр. Одан кейінгі орында Степногорск қаласы мен Атбасар ауданы. Керісінше, Зеренді, Целиноград, Аршалы аудандарында
бала туу көрсеткіші өте төмен.
Сондай-ақ, жыл басынан бері 3899  жұп некеге тұрыпты. Бұл өткен жылға қарағанда 177-ге артық. Отбасын құрғандардың ең жасы  16-да болса, ең кәрісі  87 жаста. Некеге тұрған ер азаматтардың орташа жасы  30-да болса, қыз балалардың орта жасы  28-ді құрайды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар