Тілге деген қызығушылық артады

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт құру, қоғамдық сананы өзгерту жөніндегі өзінің пікірлерімен бөлісті және елімізді дамытудың сапалы жаңа сатысына көтеріп, белестерді белгілеп,  міндеттерді айқындап берді. Мақалада айтылған идеялар, қоғамның өзгермелі жаһандық үдерістерге бейімделуіне қарай еліміз тарапынан жасалатын негізгі қадам.     
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласында Президентіміз бірнеше жобаны ұсынды, оның бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңмен ауыс-тыру. Мен өз басым бұл идеяны уақытылы қабылданған, уақыт талабы, еліміздің прогрессивті қадамы деп санаймын.  
Латын графикасы әлемде кеңінен таралған әліпби және барлық ақпараттық технологиялар тілдерінің айшықты негізі болғандықтан, біздерге өзге шет тілдерін тезірек  үйренуге ықпал ететіндігі сөзсіз. Сонымен қатар, өзге халықтардың да қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылығын оятып, оларға ана тілімізді тереңірек білу оңайға түспек. Бұл қазақ елінің әлемдік кеңістіктегі танымалдылығына тағы бір қозғаушы күш болары анық. Жаңа графика – мемлекеттік тілді дамытуға  жаңаша  қуатты серпін береді. Әрі латын қарпін қолданатын өркениетті елдер үшін, біздің рухани байлықтарымызды түсіну, онымен тереңірек танысу кедергілерсіз болмақ.
Бұл үдеріс кезең-кезеңмен, латын графикасына көшкен басқа елдердің тәжірибесін ескере отырып, сондай-ақ, басқа тілдерге қысым жасамай жүзеге асырылатын болады.  Ал, жастар жағының латын әліпбиін жылдам меңгеріп шығатындығы, біздің, ұстаздар қауымының күмәнін һәм күдігін тудырып отырған жоқ. Жастар қашанда бейімделгіш келеді емес пе?!
Еліміздің рухани жаңғыруының негізі ретінде Елбасының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге қатысты бастамасының маңыздылығын ескере отырып, жалпы халқымыздың және болашақ ұрпақтың алдында тарихи жауапкершілікті ұғынып, бәрімізді, қазақ тілін латын графикасына көшіру жөніндегі игі бастамаға қолдау көрсетуге шақырамын.  
                                                                                   
 Наталья ДЕМЕНТЬЕВА,
Көкшетау қаласындағы гуманитарлық-техникалық   мектеп-лицейінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар