Орман колледжінде болды

Облыстық білім басқармасының басшысы Талғат Жүнісов Щучинск экология және орман шаруашылығы колледжінде болып, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты.

Орман шаруашылығы саласына қажетті орта буынды мамандар даярлайтын оқу орнында теориялық сабақтар нақты тәжірибемен ұштастырыла оқытылады. Осы орайда, колледждің дендрология бағы оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде сынап көруге үлкен мүмкіндік туғызуда. Мұнда болашақ мамандар жас көшеттерді отырғызып, оны баптап күту, өсіру жұмыстарын өздері атқарады. Дендробақта тек осы өңірде өсетін ағаштармен бірге, әлемнің әр аймағынан әкелінген ағаш көшеттері көз қуантып, жайқалып өсіп тұр. Жұмыс сапарының барысында басқарма басшысы оқушылармен және колледждің ұстаздар ұжымымен кездесіп, ой-пікірлерімен бөлісті.

Бекзат ҚАСЫМ,
Щучинск экология және орман шаруашылығы  колледжінің оқушысы.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар