Өз тауарыңыздың таңбасын тіркетіңіз

Тауар таңбасы – кәсіпорынды, оның шығаратын тауарларын және көрсететін қызметтерін дараландыру құралы.

Тауар таңбасы ретінде бейнелеу, сөз, әріп, цифр, көлем белгілері және өзге белгілермен қатар, бір тұлғаның біртектес тауар түрлерін немесе қызметтерін ажыратуға мүмкіндік беретін үлгілері тіркелуі мүмкін. Кәсіпорын өзінің тауар таңбасын кез келген бояулы түсте, бояулы түстер үйлесімінде тіркей алады. Таңбаны тіркеу үшін сараптама жасау ұйымы «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қолданылып жүрген заңнамада көзделген талаптарға сай толтырылған өтінімді беруі қажет.
Қазақстан Республикасы Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміндегі хаттамаға қатысушы ел болып саналады. «ҰЗМИ» РМК көрсетілген халықаралық шарттар аясында ДЗМҰ Халықаралық бюросына халықаралық өтінімді рәсімдеуді және оны жолдауды жүзеге асырады.
Тауар таңбасына өтінімге сараптама жасау барысында өтінім беріліп отырған белгінің «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 және 7 баптарына сәйкестігі тексеріледі.
Өнеркәсіптік үлгіге патент алу үшін өтінімді құрастыру, рәсімдеу және қарау қағидаларымен «ҰЗМИ» РМК сайтынан қарап біліп алуға болады.
Қазақстан аумағынан тыс тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар уәкілетті органда ( ҚР Әділет министрлігі) және оның ұйымдарында өтінім беруші, құқық иеленушінің, сондай-ақ, мүдделі тұлғаның құқықтарын патенттік сенім білдірген өкілдер арқылы жүзеге асыра алады.
Ел аумағында тұрақты тұратын, бірақ, оның аумағынан тыс жүрген жеке тұлғалар Қазақстанның аясында хат алмасу үшін мекен-жайды көрсете отырып, патенттік сенім білдірген өкілдерсіз өтінім беруші, құқық иеленушінің, сонымен қатар, мүдделі тұлғаның құқықтарын жүзеге асыра алады.Ал, еліміздің патенттік сенім білдірген өкілдерінің тізімі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми сайтында орналасқан.
Тауар таңбасына құқық Қазақстан Республикасының Тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде тіркелгені туралы жазбамен куәландырылады және Қазақстан Республикасының Тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмемен расталады («ҰЗМИ» РМК сайтында өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізімінде («Өнеркәсіптік меншік обьектілерінің мемлекеттік тізілімі»).Тауар белгісінің иесі куәлікте көрсетілген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзіне тиесілі тауар белгісін пайдалану мен оған иелік етудің айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесінің келісімінсіз ешкім де пайдалана алмайды.
Анатолий ДЕРМАНОВСКИЙ,
Ақмола облыстық әділет департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар