Заң кеңесшісі енгізіледі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Әкімованың қатысуымен «Адвокаттық қызмет және құқықтық көмек туралы» заң жобасының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған брифинг өтті. 

Оған Қазақстан заңгерлер одағы облыстық филиалының хатшысы Бақыт Сұлтанов, адвокат Руслан Құдабай мен Сәкен Тәкенов қатысты. Заң жобасындағы ең басты жаңалық  – заң кеңесшісі түсінігінің енгізілуі. Бұл қызметті жоғары құқықтық білімі бар, осы салада кем дегенде екі жыл жұмыс істеген, заң кеңесшісі палатасының тізіміне енген жеке тұлға атқара алады. Мемлекеттік мекемелерде қызмет ететін заңгерлер заң кеңесшісі бола алмайды. Бұл қызмет құқықтық көмек көрсету саласындағы бәсекелестікті арттырып, сол арқылы қызмет сапасын жақсартуға бағытталған. Заң кеңесшілері probono негізінде құқықтық қызмет көрсетеді, ол басынан бастап сот шешімі шыққанға дейінгі кезеңде барлық құқықтық көмекті қамтиды.
Сонымен қатар, қызмет көрсетудің ең төменгі сапа деңгейі нақтыланған. Мұндай стандарттарды заң кеңесі палатасы айқындайды және оны бұзу тәртіптік жауапкершілікке әкеліп соғады. Құқықтық қызмет сапасының төмен болуына орай, заң кеңесшілерін тәртіптік жауапкершілікке тарту шарасы да заңда қарастырылған. Мұның бәрі азаматтарға көрсетілетін құқықтық қызмет сапасын жақсартуға игі ықпал ету мақсатында  қолға алынып отыр.
Сонымен бірге, жаңа заң жобасында адвокат кеңселерін құру жайы да қарастырылған. Адвокат кеңсесі заңды тұлға ретінде жеке азаматтармен құқықтық көмек жөнінде келісім-шарттар жасайды және қызмет сапасына сол іспен айналысқан жеке адвокат қана емес, адвокат кеңсесі де жауап береді. Мұның сондай-ақ, салық төлеу қызметін оңтайландыруға да септігі мол.
Брифинг соңында журналистер адвокаттық қызметке қатысты өздерін толғандыратын сауалдарын қойды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар